Табиғат пен адамзаттың өмір сүру ережесі заманға сай өзгеруі денсаулыққа әсер етпей қоймасы анық. Оған күн өткен сайын көзіміз жете түсуде. Ем іздеген елдің сұранысын ебін тапқандар бизнеске айналдырып алғалы қашан. Басты мақсаттары ауырмайтын адамдар емес, айналып келіп ақшасын төге беретін науқастар. Сыртқы елдерден түрлі, кейбірде кері әсер беретін, дәрілік препараттар көптеп кіріп жатыр. Дабырасы басым болғанымен дауасы жоқтың қасы. Дерті жанына батқан жан шипа іздеп аласұрары анық. Оларға керегі де сол.
Өз отандастарының осы күйі маза бермеген азамат – биолог, Ресей халықаралық психология академиясының академигі, профессор, 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы — Асан Сраждинұлы Мұхитдинов. Бұрынғы Кеңес одағындағы әріптестері мойындаған ғалым. Қазақстан аумағында дәрілер коммерцияға айналып, сырттан түрлі синтетикалық баламалары кіріп жатқаныны қатты қынжылтып жүрді. Бірақ та, қарсы тұрар дәрмен жоқ. Дәрменсізбін деп қарап отыруғада болмайтын еді. Ұлтына, Отанына деген адалдықпен қарап жүрген ағамыз қолын құсырып отыра алмады. Дертке ұрынған адамдарға дәрігерлердің берген нұсқауына көңілі толмай, түрлі шөптерден дәрі жасай бастады. Оны адамдарға ұсыну үшін сынақтан өткізу керек болды. Сынақ үшін мемлекет ақша бөлуі керек еді. Көптеген есік қағылды. Ол «керектерді» түгендеймін дегенше отандастары дертіне дерт қосып жатты. Дертке ұшыраған ең жақын адамдарды өз дәрілерімен емдей бастады. Шипасы тиіп, сауықтырып жіберген адамдарды көрген ағамыз бұрыннан ойластырып жүрген жоспарын іске асыруға кірісті. Дәрілік препарат жасамас бұрын «биологиялық белсенді қоспа» (ББҚ) жасады. Заңды тәртібі де солай болуы тиіс. Оның өзі құзырлы орындардың тексеруінен өтіп, мақұлдануы керек. Үш айдың ішінде жеті түрлі бальзам жасап шығарды. ЖШС «Нутритест»сынақ зертханасында ғалымдар жеті ай бойы жүргізген сараптау жұмыстары оң нәтиже көрсетіп, бірауыздан мақұлдады. Кейбір ғалымдар үлкен жаңалық екенін де айтып жатты. Тамақтану Академиясының экспертік кеңесінің төрағасы академик Т.Ш.Шарманов соңғы қортындысын бекітіп берді. Өнімді жасау үшін тек Қазақстан жерінің флорасы пайдаланылады. Кең байтақ өлкеміздің өсімдіктер дүниесі сан алуан. Танып, қолдана білсең, барлық дертке шипалы өсімдіктерді табуға болады. Қырық жыл ғұмырын ғылымға арнаған Асан Сраждинұлы үшін шөпті тани білу қиын іс емес. Дәрі жасау үшін шөпті тани білу жеткіліксіз. Жер шарлап, өсетін жерін, пісетін кезеңін, жинайтын бөлігін т.с.с. білу қажет. Одан кейінгі жұмыс шөптен дәрілік сөлін айыру, қажетті құраммен араластыру, тұнба жасау сияқты жұмыстар білім мен мол тәжірибе қажет етеді. Қолындағы бар дүниесін салып құрастырған аспаптарымен жұмысқа кірісіп кетті. Жалға алған цехта қаншама ұйқысыз түндер өтті. Қиналып келген таныстары дерттеріне дауа тауып алғыстарын жаудырған сәттер шаршаудың бәрін ұмыттырып жіберетін, қуантатын. Еңбектің жемісі деген осы екен.
Қазіргі сәтте «АСАН ПРОДАКТС» компаниясы 14 түрлі өнім шығарады. Толық сынақтан өткен. Адамдарға жасушалық деңгейде әсер ететіні ғылыми тұрғыда дәлелденген. Тағы бір баса айтатын нәрсе бальзамды ішкен сәтте адам дәрумендер мен микроэлементтердің тәуліктік нормасын қабылдайды. Қазақстан азаматтарының ағзасына дефицит болатын микроэлементтер алдын ала ескерілген. Бұл дегеніңіз — қосалқы дәрумендік препараттарды қабылдауды аса қажет етпейді деген сөз. Сонымен қатар ішкі микрофлораны бұзбайды. Біз қабылдап жүрген дәрілердің басым бөлігі бауырға ауыр зиян келтіреді, одан басқа да ағзаларға жанама әсері бар. «Assan»өнімдері ауырған жерден басқа ағзаларға жанама немесе кері әсері жоқ. Әрине шөптерге аллергиясы бар кейбір жеке адамдарды айтпағанда. Асан мырзаның ең басты ұстанымы-шипасын тауып жазылып кеткен адамдар сол ауруына қайтадан шалдықпасын деген ниет, әбіржіп, ем іздеп келгенін қаламайды. 14 түрлі бальзам және керемет «Ғажайып»шәймен шектелмей әлі талай түрін өндірмек. Ота жасауға мәжбүр болған тұтынушылар құлан таза айығып кеткен және жатыр обырымен ауырған кісі сырқаттан айығып кеткені — ол бір бөлек әңгіме.
2021 жылы негізі қаланған «АСАН ПРОДАКТС» компаниясы бүгінде табиғи емдік шөптерден жасалған Отандық инновациялық өнімдердің ең ірі өндірушісі болып саналады. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде өнімдердің сапасына сәйкес барлық қажетті құжаттары заңдастырылған.
Денсаулық – адами құндылықтар ішіндегі ең маңыздысы. Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Тұтынушы ретінде айтарым, елімізге сырттан келетін дәрі-дәрмектерге мұқиятпен қарау керек екенін айтқым келеді. Жарнамасы жарқыраған дүниенің барлығы шипа бермес. Туған жердің суы да, шөбі де, ауасы да дерке дауа екенін естен шығармаған жөн.
Сағаділдә ҮСІБӘЛІ