Астана қаласында үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты жалауын көтереді.
Бұл туралы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясының отырысында хабарланды. Жиында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдердің қалалары анықталды.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция шықты.
Финалдық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан – 54,68 % дауыс алса, Франция 45,32 % дауыс жинады.
Осылайша, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізетін болып шешілді.
2028 жылғы әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында өтеді. Ал 2029 жылы әлем чемпионатын Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласы ұйымдастырады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА