Иорданияның астанасы — Амман қаласында джиу-джитсудан жастар мен ересектер арасында өткен IX Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 74 медаль иеленіп, жеңіс туын желбіретті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сары құрлық додасында 27 елден 778 спортшы бақ сынады. Чемпионатта Қазақстан 21 алтын, 27 күміс, 26 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға — Таиланд спортшылары орналасса, үшінші орынға Вьетнам шықты.
Осылайша, отандастарымыз Азия төріндегі татамиде табандылық танытып, қайсарлықпен қарсылас шақ келтірмей ел мерейін үстем етті.