Алматыдағы «Атакент» іскерлік орталығындағы «Бақшарасайда» «Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» халықаралық көрмесі өтті. Өндірістің барлық саласын қамтитын және іскерлік орта өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бұл шараға Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің барлығы дерлік қатысты. Ол алдағы уақытта дәстүрлі түрде әр елде өз жалғасын таппақ.
Еуразия елдерінің мәдени, тарихи, қолөнер және туристік әлеуетін біріктіруге арналған бұл шараны елімізде Қазақстанның туризм индустриясы ұлттық қауымдастығы «Халал» Еуразиялық стандарттау және сертификаттар орталығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Онда көрме қатысушылары мен қонақтары Ұлы Жібек жолының атмосферасын сезініп, әрбір елдің ұлттық дәстүрлерін, қолөнерін, асханасын және туризм мен мәдениеттегі замануи жетістіктерін паг етті.
Көрме кезінде оннан астам ел өздерінің қолөнер, кәдесый, сурет көрмелерін ұсынып, қолөнершілерінің шеберлік дәрістерін көрсететін ұлттық павильондарын ұсынады. Өнерпаздар шоу-бағдарламарын, дизайнерлер «Ұлы Жібек жолы сән әлемі» дефиле-бағдарламаларын, ал іскерлік әлем өкілдері B2B және B2C үлгісіндегі шараларын жасады.
Көрменің ресми ашылуына Қазақстандағы халықаралық және шетелдік дипломатиялық өкілдіктерден елшілер, консулдар, құзырлы мемлекеттік органдардың және салалық қауымдастықтардан жетекшілері қатысты.
Қазақстанның туризм индустриясы ұлттық қауымдастығы 2012 жылы құрылған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өткен қоғамдық бірлестік. Туризм саласындағы отандық ұйымдардың және туристік қызмет көрсету саласындағы өндірісшілердің басын біріктіркетін ұйым Қазақстанда ғана емес, шет елдерде өтетін түрлі іскерлік жиындар, кездесулер, көрмелердің ұйымдастырушысы ретінде өзін іскерлік әлемде танытқан. Оның жарқын мысалы «Бейжің-Париж» автораллиін ұйымдастырушылардың Қазақстанның туризм индустриясы ұлттық қауымдастығын тұрақты серіктес ретінде танып, келісімшарт жасалды.
Салтанат ҚАЖЫКЕН
АЛМАТЫ


SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары