• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Паратаеквондошылар Парижде құрмет тұғырынан көрінді

    Францияның Париж қаласында пара таеквондодан тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен Paris 2026 World Para Taekwondo Grand Prix Series турнирінде Нұрлан Домбаев жеңімпаз атанса, Жанболат Қазиев қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

    Нұрлан Домбаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түс іп, жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы жекпе-жекте Ұлыбритания спортшысы Джозеф Лейнді 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Дәл осы салмақ дәрежесінде Жанболат Казиев Марокко спортшысы Рашид Исмаил Алауи пен бразиялық Кларо Лопес де Оливейраны жеңді.

    Жартылай финалда Нұрлан Домбаев пен Жанболат Қазиев бір-бірімен жекпе-жекке шықты. Онда Нұрлан Домбаев жеңіске жетті.

    Финалда ол Бразилия спортшысы Кларо Лопес де Оливейраны 2:0 есебімен басым түсіп, даянг чемпионы атанды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы Париждегі халықаралық додада бір алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

    Пара таеквондодан Гран-при турниріне 18 елден 120-ға жуық спортшы қатысты. Ал жақын арада, яғни 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия Пара ойындары өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *