• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Шин-Лайн» компаниясы өндіріс пен сату көлемін арттырып жатыр

    Жазғы маусымның аяқталу қорытындысы бойынша отандық алдыңғы қатарлы балмұздақ өндіруші «Шин-Лайн» компаниясы өндірушілер үшін тәтті тағамды өндірудің ең «қызу» мезгілі енетін кезең қызметінің қорытындысын жариялады. Шикізат пен қаптама құнының өсуіне, геосаяси себептер салдарынан логистикалық байланыстардың үзілуіне және балмұздақ нарығының жалпы төмендеуіне байланысты объективті факторлардың әсеріне қарамастан, «Шин-Лайн» табиғи және ақшалай түрде өндірістің өсуіне қол жеткізді.  

    Статистика жөніндегі ұлттық бюроның мәліметтері бойынша 2022 жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес ҚР-нда балмұздақ өндірісі табиғи көрсеткішпен 2021 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 17%-ға төмендеген, сондай-ақ импорттың 3%-ға төмендеуі және экспорт үлесінің 33%-ға өсуі байқалды. Мұның өзінде «Шин-Лайн» табиғи көрсеткіште өндірісті 7%-ға және қаржылық көрсеткішпен 42%-ға арттырған. Euromonitor тәуелсіз компаниясының бағалауы бойынша «Шин-Лайн» үлесі 40,5%-ға дейін өсті. Компания басшылығының болжамдарына сәйкес, 2022 жылдың соңында «Шин-Лайн» компаниясының табиғи көрсеткіштегі өндіріс көлемі 18100 тоннаны құрамақ. Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин атап өткендей, екі таңбалы сандық өсімді барлық аймақтар көрсеткен, дегенмен қаржылық көрсеткішпен қарқынды өсім Ақтауда (50%), Шымкентте (53%), Көкшетауда, Алматы мен Атырау желілерінде (54%) және Нұр-Сұлтанда (67%) байқалған.

    «Шин-Лайн» экспорттық нарықтарда өсуді жалғастырды. 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша компания өнімінің табиғи көрсеткішпен экспорты 3 810 тонна балмұздақты немесе жалпы сауда-саттықтан 24,7%-ды құрады.

    Экспорттық нарықтар арасындағы өсім көшбасшылары – Өзбекстан, мұнда «Шин-Лайнның» сауда-саттығы бір жылда 54%-ға артты және Ресей – онда нарықтың жалпы 5,2%-ға төмендеуі аясында қазақстандық компанияның сауда-саттығының өсімі 71%-ға артты.

    Тұтынушылардың талғамына пікірін білдіре келе, Дмитрий Докин қазақстандықтар бұрынғысынша нарықтың көшбасшысы «Бомба» балмұздағын ұнататынын атап өтті – 8 ай ішінде аталған бренд 8%-ға өскен, пломбирдегі «Мишка на полюсе» бренді 97%-ға артса, «Джусики» бренді 83%-ға өскен, «Как раньше» ретро-бренді 89%-ға көтерілсе, отбасылық форматтар 77 %-ға артқан.

    Өсу көшбасшылары – Қырғызстанда «Мишка на полюсе» — 71%, «Джусики» — 37% және «Бомба» — 29%, ал Өзбекстанда «Бомба» — 79%, «Золотая коллекция» — 57% және «Мишка на полюсе» — 50%. Ресей нарығында «Золотая коллекция» сериясының 130%-ға өсімі байқалды, Bahroma премиум бренді — 411%, «Мишка на полюсе» бренді — 151%.

    Биыл «Шин-Лайн» компаниясы Орталық Азиядағы аса ірі балмұздақ өндірушісі болып қана қоймай, ЕАЭО-тағы 10 аса ірі балмұздақ өндірушілерінің қатарына енді. Қазақстандық өндіруші Streda Consulting компаниясы құрастырған рейтингте Ресей ұлттық сүт өндірушілер одағымен («Союзмолоко») және Milknews ақпараттық агенттігімен бірлесе 8-ші орынды иеленді және рейтингтің алғашқы ондығына енген ресейлік емес жалғыз компания болды.

    «ЕАЭО-тың аса ірі өндірушілерінің алғашқы ондығына ену біз үшін күтпеген жағдай болған жоқ – біз осы нәтижеге жоспарлы түрде жүріп келдік, өндірісті ұлғайттық, инновациялық технологияларды енгіздік, өнім түржинағын кеңейттік, тұтынушылардың талғамын зерттедік және үнемі сапаны жақсарту жұмыстарын жүргіздік. Компанияның жоспары одан әрі өндіріс көлемін ұлғайту – алдағы жылдарда біз жыл сайын 20-25%-ға өсуді және жаңа заманауи өнімдерді шығаруды жоспарлап отырмыз, сондықтан келесі рейтинге «Шин-Лайн» одан да биік межеде болатынына сенімдіміз. Біздің мақсатымыз – 2026 жылы 5 көшбасшы қатарына ену», – деп Дмитрий Докин өз пікірін білдірді.

    Өршіл мақсатқа қол жеткізу өндірістік қуатты ұлғайтуға, жаңа өнім шығаруға, брендтерді алға ілгерілетуге және сауда-саттықтың барлық арналарын меңгеруге байланысты. «Шин-Лайн» ТМД аумағындағы аса ірі жаңа бірінші кезектегі балмұздақ және азық-түлік өнімдерін өндіретін фабриканың құрылысын аяқтады.  Қазіргі таңда кәсіпорында өнідістік құрал-жабдықты орнату және бапқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, кейбір желілер өнеркәсіптік жұмыс параметріне шығып үлгерді. Барлық желілерді түпкілікті іске қосу 2023 жылға жоспарлануда.

    Салтанат ҚАЖЫКЕН,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *