Румыния ұлттық құрамасының жаттығу базасында баспасөз мәслихаты өтті.
«Қазақстанмен Астанадағы матч жасанды көгалда болды. Ауа-райы да салқын еді. Біздің футболшылар қиналғаны рас. Ертең басқаша ойын болады деп ойлаймын. Құраманың жаңа жаттықтырушысы алғашқы матчым болған соң мен үшін осы ойын маңызды. Ертеңгі кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Қазақстан құрамасының бас бапкері Бородюкті Германиядағы ойындарынан жақсы білемін. Қазақстан — жақсы құрама. Кейбір ойыншылары жарақатына байланысты алаңға шыға алмаса да қауіпті команда», деді Румыния ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Космин Контра.
Естеріңізге сала кетейік, Румыния – Қазақстан матчы ертең Астана уақытымен 00.45-те басталады. Матч Плоешти қаласындағы Илие Оана стадионында болады.
Аршат ОРАЗ,
Будапешт (Румыния)