Әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Путинцева екінші айналымда әлемнің 77-ракеткасы, испаниялық Нурия Парризас-Диаспен кездесті. Путинцева қарсыласынан 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.
Енді ол жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА