• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы универсиада басталды

    АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында қысқы универсиада салтанатты түрде ашылды. Оған еліміздің атынан 78 спортшы қатысады.

    Құрама Штаттарда ел намысын 17 жоғары оқу орнының студенттері спорттың 10 түрінен қорғайды. Оның ішінде шаңғымен жарысудан – 14, шорт-тректен – 12, биатлоннан – 9, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден – 6, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан – 2, шайбалы хоккейден 23 отандасымыз жарыс жолына шығады.

    Қазақстан құрамасы 2017 жылы елімізде өткен дүниежүзілік универсиада ойындарында 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінген болатын.

    Биылғы ойындарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

    Универсиада ойындары 1924 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол 1959 жылға дейін бүкіләлемдік университет ойындары деп аталып келді. Сол жылдан бастап оның аты универсиада болып өзгерді. Оған қатысу талаптары енгізілді. Талап бойынша 17 жасқа толған және 28 жастан аспаған жігіттер мен қыздар ойындарға қатысуға мүмкіндік алады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *