• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты: финалға әйелдер арасынан екі боксшы шықты

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы шықты.

    Финалда 70 кг салмақта Жасмин Кизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен, 81 келіде Гүлсая Ержан алаң иесі Порнипа Чутимен күш сынасады.

    Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

    Бұған дейін хабарланғандай, Азия чемпионатының финалына ерлер құрамасынан алты боксшы шықты.

    Олар — Санжар Тәшкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалыков (71 кг) пен Диас Молжігітов (75 кг) бар.

    Финалда төрт отандасымыз Өзбекстан құрамасының былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіреді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *