• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан төрешілері алғаш рет WTA 500 турнирінде төрелік етті

    Еліміздің төрешілері алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен WTA 500 турнирінде төрелік етті.

    Диера Әлжанова, Дамир Дүйсенбаев, Әлихан Еркінов және Эльвира Исламғалиева қапталдағы төреші ретінде іріктеу сайыстары ғана емес, финалға да қатысты. Бұл турнирге 44 төрешінің 18-і финалға іріктеп алынды.

    Bronze badge (қола белгі ақтан бір сатыға жоғары, — ред.) иегері Меруерт Кәукеева іріктеу, ширек және жартылай финал матчтарында мінбеде қазылық етті.

    Былтыр қарашада Юлия Игнатченко еліміздің төрешілері арасынан алғаш рет мінбедегі төреші ретінде күміс белгі иегері атанған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *