• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстанға Беларусьтен футболшылар қаптап келіп жатыр

    Қазір футболдан Қазақстан чемпионатының 13 клубында Беларусь елінен келген футболшылар ойнап жатыр.  Бұл тізім легионерлердің саны шектелмесе, бұдан да көбеюі мүмкін.  

    Футбол инсайдері Айдын Қожахметтың айтуынша, елдегі 16 клубтың 13-інде Беларусь чемпионатында доп тепкен футболшы бар. Олардың бәрі премьер-лигада ойнайды. Қазақстанға беларусь ойыншылары жалақыға қызығып келе жатыр.

    2000-2019 жылдар аралығында Беларусь футболы Еуропа алаңдарында жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы,  Борисов қаласының БАТЭ клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне бес рет шықты. Үш мәрте Еуропа лигасының плей-офф бәсекесінде ойнады. Осыдан 10 жыл бұрын БАТЭ ойыншыларының орташа жалақысы 15 мың АҚШ доллары болатын. Сондықтан ол клубтан Қазақстанға келетін футболшылар аз еді. Ал қазір жағдай өзгерді. Қазір Беларусьтен Қазақстанда ойнағысы келетін легионерлер көбейді. Өйткені, ел президенті Александр Лукашенко жалақыны азайтуды тапсырды, — деді ол.

    Оның айтуынша, былтыр желтоқсан айында жалақыны қысқарту тіптен күшейді. Тек ұлттық құрамада ойнап жүргендерге ғана тиісті айлықтарын алып отырдды. Олар 6 мың долларға дейін жалақы алады. Қалғандары айына 1 600 – 2 000 доллармен шектеліп отыр. Сондықтан реті келсе, Беларусь футболшылары басқа чемпионаттардан өз бақтарын іздеуді жөн көріп жатыр. Әсіресе, Қазақстанға келетіндер көбейген.

    Қазір қолда бар мәліметке қарасақ, футбол инсайдері Айдын Қожахмет айтқандай,  қазір елдегі 16 клубтың 13-інде Беларусь чемпионатында доп тепкен футболшы бар. Олар мына командаларда ойнайды.

    Бұл тізімде өзге елден келген легионерлер де бар.

    «Ордабасы»: Бобур Абдихоликов, Всеволод Садовский, Шахбоз Умаров, Дмитрий Бородин, Доминик Динга.

    «Атырау»: Александр Нойок, Никита Степанов, Игорь Стасевич, Егор Хаткевич.

    «Тобыл»: Игор Иванович*, Илья Васильев*, Ислам Чесноков, Иван Коновалов.

    «Каспий»: Дмитрий Подстрелов, Георгий Бугулов, Алексей Залеский, Максим Плотников.

    «Мақтаарал»: Жуниор Кабананга, Секу Думбия, Руслан Юденков.

    «Астана»: Дембо Дарбо, Макс Эбонг, Камо Оганесян.

    «Жетісу»: Руслан Теверов, Мурат Бураев, Павел Назаренко.

    «Қызыл-Жар»: Евгений Березкин, Роман Степанов*.

    «Шахтер»: Роджер Каньяс, Стефан Букорац.

    «Оқжетпес»: Руслан Болов, Дмитрий Рыжук. «Ақтөбе»: Дмитрий Яшин.

    «Қайрат»: Гүлжігіт Әліқұлов.

    «Қайсар»: Сергей Бондаренко.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *