Англияның «Манчестер юнайтед» клубының бұрынғы капитаны Гарри Невилл ағылшын футболшыларының Сауд Арабиясының клубтарымен келісімшарт жасасуына қарсылық білдірді.
Ол футболшылардың Сауд Арбиясында ойнауына тыйым салу керек деп ұсыныс айтты.
Бұған дейін Сауд Арабиясы клубтарымен Криштиану Роналду, Карим Бензема, Н’Голо Канте мен Хаким Зиеш сияқты белгілі футболшылар келісімшарт жасасқан еді. Ал алдағы уақытта олардың қатарын Рубен Невеш пен Калиду Кулибали сияқтылар ойыншылар толықтырғалы отыр.
Англия ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Гарри Невиллдің айтуынша, премьер-лига тез арада Сауд Арабиясына трансферлерге эмбарго қою керек. Әйтпесе, ойыншылардың ойыны өзгеріп, өздерін жетілдіре алмай қалады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА