• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан құрамасы үш ұпай алды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті матчында сырт алаңда Лихтенштейн командасымен ойнады. Матч Вадуц қаласындағы «Райнпарк» стадионында болды. Бірінші таймда ұлттық құрама екі гол салды. 41-минутта Максим Самородов Марат Быстровтың пасын пайдаланып, дорты торға тоғытса, үш минуттан соң Александр Марочкин ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты.  Оған пасты бірінші голдың авторы атанған Максим Самородов берді. Үзілістен кейін есеп өзгерген ...

    Read More »

    Бұл ойынға «Үш» деген баға қоямыз!

    Марочкин секілді шаршап қалған көне ойыншылармен жаңа команда құрамын деген Әлиевтің ойын түсінбедік. Нұралы Әліп те көп қателік жіберді. Допты әріптесіне дұрыс бере алмайды. Сосын ол қорғаушы емес пе?! Аузын ашып ай қарап, жұлдыз санап жүргенде желдей жылдам зуылдаған қарсыластары жылдам өтіп кетіп жатыр. Вороговский, Чесноков, Тапаловтарды ат мінгізіп, зейнетке шығарып салса болар еді. Әттең Дастан Сәтпаев, Ғалымжан Кенжебектерді сары ...

    Read More »

    «Оқжетпес» шипайжайларында дәстүр мен мейірім ұштасқан он күндік мереке

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» шипажайлар желісінде ұлттық мереке жыл сайын дәстүрлі түрде бірнеше күн тойланады. Шипайжаларда ем алу мен демалудан бөлек, әр мереке ауқымды тойланып, киіз үй құрылып, ұлттық ойындар мен дәстүрлер дәріптеледі. «Наурызнама» шарасы қонақтарға жай ғана демалыс емес, қазақтың бай мәдениетіне терең бойлап, көне мерекенің ажырамас бөлігіне айналуға мүмкіндік сыйлады. Мәселен, Алматы баурайындағы «Almaty resort» шипажайындағы ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасында өзіне сенімсіздік әлі де бар (ВИДЕО)

    22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Уэльстің астанасы – Кардифф қаласында футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында алғашқы  кездесуін өткізді. Ұлттық құрама Уэльс командасымен ойнап,  1:3 есебімен жеңілді. Осы матчтан кейін ұлттық құрама бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы Әли Әлиев команданың ойынына баға берді. Оның айтуынша, бірінші таймда құрама жақсы ойын өрнегін көрсетті. Үзіліске 1:1 есебімен шықты. ...

    Read More »

    Ардагерлер жасыл алаңның шаңын қақты

    Бүгін Наурыз мейрамына орай, Өтеген елді мекенінде шағын футболдан аламан жарыс болып өтті. Бұл тамаша мерекелік іс-шараны елге белгілі журналист, спорт ардагері Әлім Анапиянов ұйымдастырды. Ардагарлердің басын қосып, тамаша бір көңіл-күй сыйлаған әріптесімізге ардагерлер шексіз рахметін айтты. Наурыз мерекесіне арналып келген ардагерлер арасындағы бұл турнир осымен 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Дәстүрлі жарыс деп айтуға толық негіз бар. Хош, сонымен ...

    Read More »

    Бір күміс, екі қола жүлде: Ханчжоуда премьер-лига турнирі аяқталды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэден премьер-лига санатындағы биылғы жылдың екінші жарысы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Karate 1-Premier League — осы спорттағы ең беделді турнир. Оған рейтингтегі TOP-32 спортшы ғана жолдама алады. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының үш спортшысы кумите бағдарламасында жүлдеге ие болды. Топта барлық қарсыласын ұтқан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) финалда Алжир спортшысы Силия ...

    Read More »

    Каратэші Мөлдір Жаңбырбай премьер-лиганың финалына шықты

    Каратэден ұлттық құрама көшбасшысының бірі Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған премьер-лига санатындағы жарыстың финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Мөлдір Жаңбырбай күндізгі сессияда өз тобында қарсылас шақ келтірген жоқ. Әуелі Наталья Варгованы (Словакия), одан кейін Теодора Цанева (Болгария) мен Аика Оказакиді (Жапония) жеңді. Ал ширек финалда Канада, жартылай финалда Жапония (Сара Цуцуми) каратэшісінен басым ...

    Read More »

    VI қысқы Спартакиадада сенсация болды

    Бүгін Риддер қаласында өтіп жатқан тау шаңғысынан VI қысқы Спартакиадада кезекті жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Үзілістен кейін спортшылар альпі комбинациясында жарысты. Нәтижесі мынадай: Альпі комбинациясы, әйелдер: Далель Толкунова (Алматы қаласы) 1.42:16 секунд Мария Шкабарова (Алматы қаласы) 1.42:19 Яна Мелинг (ШҚО) 1.44:36 Ерлер: Ростислав Хохлов (Алматы қаласы) 1.34.83 секунд Захар ...

    Read More »

    Арулардың айшықты мерекесі

    Тал бесіктен тербеткен аналар ұлттың қайсар ұлын тәрбиелейді. Жаугершілік заманда да ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару ұстап елін қорған халық эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа, Ақжүніс, Назымдар, бергі дәуірде Домалақ ана, Айша-бибі, Ұлжан, Ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпандар еліне демеу, еріне сүйеу бола білген.  Сонымен қатар, көрікті кескін келбетімен, елмен елді ақылдылығымен, даналығымен ...

    Read More »

    Каратэден ел құрамасы төрт алтын медаль алды

    БАӘ-нің Фуджейра қаласында жастар арасындағы А сериясының 2025 жылдағы алғашқы турнирі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Бұл сында Қазақстан спортшылары 11 медальмен (4 алтын, 7 қола) жалпы есепте 4-сатыға жайғасты. Көш басында Ресей, одан кейін Иран мен Мысыр командасы. Алғашқы алтын жүлдені кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17) 55 кг дейінгі салмақта топ жарып, қоржынға салды. Ол 2023 ...

    Read More »