• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бокс кешіне билеттер сатылымға түсті

    24 наурыз күні Almaty Arena спорт кешенінде үлкен бокс кеші болады. Осы күні кешкісін алматылықтар мен қала қонақтары кәсіпқой боксшылардың  жекпе-жектерін тамашалайды. Қазір осы сынға билеттерді бокс десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер Ticketon.kz, Zakazbiletov.kz, Kassir.kz сайттарынан және Almaty Arena спорт кешенінің кассасынан сатып алып жатыр.  Ал 24 наурызда шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы, Садриддин Ахметов, Нұрсұлтан Жаңабаев, Дастан Садуұлы, Искандер ...

    Read More »

    Атырауда Жауынгерлік өнер ассоциациясының басшысы тағайындалды

    Өткен жылдың соңында  елімізде Жауынгерлік өнер ассоциациясы құрылып, президенті болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов тағайындалған болатын. Осы күнде   еліміздің әр өңірінде осы қауымдастықтың федерациялары ашылып, өз жұмыстарын бастады. Бұдан былай Олимпиада ойындарына енбеген спорт түрлерінің 20 федерациясы бір тудың астына бірігіп, Жауынгерлік өнер ассоциациясына қарайтын болды. Атырау облысында Жауынгерлік өнер ассоциациясының кезекті жиыны өтіп, мұнайлы өңірдегі өкілдігіне басшы тағайындады. Осынау іргелі ...

    Read More »

    Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

    Атырау қаласында дзюдодан 1999 – 2001 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстанның жекелей чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. 2 наурыз күні басталған ел додасына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. Ал Атырау облысының ...

    Read More »

    Түркістанда жаңа футбол клубы құрылады

    Бүгін Түркістан қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев 2018 жылға қорытынды жасап, алдағы мақсат-міндеттер туралы айтып берді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, былтыр облыс спортшылары Қазақстан чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 387 алтын, 382 күміс, 365 қола медаль алса,  Азия чемпионаттарында  73 алтын, 58 күміс және 38 қола ...

    Read More »

    Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер ассоциациясы құрылды

    Астана қаласының әкімдігінде олимпиадалық спорт түрлеріне жатпайтын федерациялардың отырысы өтті. Күн тәртібінде Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер ассоциациясын құру мәселесі қаралды. Кездесуге аталған қауымдастыққа енген барлық 20 федерацияның өкілдері қатысты. Жиын соңында жиналғандар Астана қаласы бойынша Жауынгерлік өнер ассоциациясын құру туралы бір шешімге келді. Сонымен қатар, шара барысында ұйымның президенті сайланып, жарғысы бекітілді. Ортақ шешіммен Астана қаласы бойынша қауымдастықтың басшысы ...

    Read More »

    Алматыда жапондар жастарды дзюдодан жаттықтырады

    Қазіргі таңда бүкіл әлем халқы дзюдо күресін жақсы біледі. Өйткені, айтулы жекпе-жек түрінен Олимпиадалық, әлемдік, еуропалық және көптеген дүниежүзілік жарыстар үзбей өткізіліп келеді. Егер дзюдоның түпкі тарихына үңілсек, бұл күрес түрі алғашында ұрыс өнері ретінде бастау алғанын білеміз. Бұл жекпе-жек Жапонияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келген. Ел ішіндегі дүмпуден самурайлардың жағдайы тығырыққа тіреледі. 1871 жылы самурайлардың қынабына қылыш қыстырып жүруіне ...

    Read More »

    Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?

    Көзі қарақты жанкүйер, оның ішінде үлкендер болмаса, қазіргі жастар жағы аты аңызға айналған спортшы Валерий Люкиннің Ақтөбе қаласында туып-өскенін біле бермейді. Бүгін сол олқылықтың орынын толтыру мақсатында Ақтөбеден шығып, азулы АҚШ секілді алпауыт елді мойындатқан Валерий Викторұлы туралы жастар біліп жүрсін деген ниетпен оқырманға шағын ақпарат бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Валерий  Люкин – спорттық гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы ...

    Read More »

    Семейде спортшылар Ауған соғысының ардагерлерін еске алды

    Семей спорт академиясында облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо» федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына және интернационалистік борышын өтеуде қаза тапқан жерлестерді еске алу мақсатында самбо күресінен облыс чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. 1999 – 2000  жылы туған жастар арасында өткен жарыста ұлдар және қыздар 10 салмақ бойынша боз кілемнің көрігін қыздырды. ...

    Read More »

    Салбурын – 2019: Ақсудағы аңшылар аламаны

    «Ахау, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, Жігіттің бұған құмар өнерпазы», – деп ән орындала қалса, делебең қозып, сонау бағзы заманның сал-серілері көз алдыңа келіп, шіркін, біздің саятшылар осылай күй кешкен екен ғой деп тамсанасың. Расында да, тамаша емес пе? Кешқұрым бес қаруын асынып, қолындағы қыранмен, жетегіне ерткен тазысымен, саятшылықтан алған олжасын қанжығасынан шешіп, киіз үйдің босағасына байлап, аңшылықтан оралып жатқан ...

    Read More »

    Ер аға

    Ер ағаның есімін бала кезден бері білемін. Ал ол кісімен жүзбе-жүз көрісіп, жақын танысқан кезім – 2004 жылдың сәуір айы болатын. Сол жылы «Астана ақшамы» газетінен «Егемен Қазақстан» басылымына ауысып, жұмысымды 100 жылдық тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағында жалғастырған едім. «Егеменге» барғанда әкем Жұмабек Омарұлы Кенжалин: «Жақсы жерге бардың. «Егемен» – ел газеті. Ал Ержұман Смайыл – қазақ журналистикасының ...

    Read More »