• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан алғаш рет су спортынан алтын жүлде алды

    Катардың астанасы – Доха қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің спортшылары алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Эдуард Ким мен Нарғыз Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанып, әнұранымызды шырқатты. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл). Бұл – ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан АЧ: Сайрамкез Ақмолда – күміс жүлдегер! (ФОТО)

    Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта помостқа шыққан Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Осы салмақта Солтүстік Кореяның спортшысы Ри Вон Джи 317 келі (137+180) көтеріп, Азия чемпионы атанды. Сайрамкез Ақмолда жұлқа және серпе көтеруді ...

    Read More »

    Grand Slam: Нұрлыхан Шархан қола жүлдегер атанды

    Дзюдошы Нұрлыхан Шархан  Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Grand Slam жарысында қола жүлдегер атанды. Ол әлемдік жарыстың кіші финалында Швейцарияның өкілі Айх Даниэльден басым түсті. Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда америкалық Натаниэль Киваны, одан кейін әлемдік рейтингінің үшінші орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді жеңді. Ширек финалда сербиялық Александр Куколды қосымша ...

    Read More »

    Бокс федерациясының жаңа басшысы сайланды

    Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны болды. Жиында федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды. Жиында қауымдастықтың бұрынғы басшысы Кеңес Рақышев өзі басшылық еткен төрт жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, әріптестеріне, бокс жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Федерацияның жаңадан сайланған президенті Шахмұрат Мүтәліп бұл қызмет өзіне артылған зор ...

    Read More »

    UFC: Азат Мақсұм жеңілістің себебін айтты (ВИДЕО)

    Қазақ жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде ең жеңіл салмақта америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды. Ол үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен есе жіберді. Азат Мақсұм жеңілісін толық мойындап, жұртшылықтан кешірім сұрады. Қазақ елі, бүгінгі кеште үміттеріңізді ақтай алмағаныма кешірім сұраймын. Өзімді толықтай көрсете алмадым. Бұл жеңілістен сабақ алып, келесі жекпе-жекте жеңуге бар күшімді саламын, — ...

    Read More »

    ЕУРО-2024: БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

    Биыл футболдан Германия Федеративтік Республикасында болатын Еуропа чемпионатына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Журналистер аккредитацияға өтініштерді Еуропа футбол одағы қауымдастығының порталына жібере алады. Медиа портал 29 қаңтардан бастап ашылған. ЕУРО-2024 финалдық турнирі 14 маусым мен 14 шілде аралығында болады.  қатысуға өтініш білдіргісі келетін БАҚ өкілдері өз өтініштерін УЕФА медиа порталы арқылы жібере алады. БАҚ аккредитациясына өтініш қабылдаудың ...

    Read More »

    Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

    Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Чемпионаттың бірінші күні еліміздің атынан Айнұр Абдықалықова посмостқа шықты. Ол 45 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 62 келіні, ал серпе көтеруде 75 келіні басынан асырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен төртінші орынға табан тіреді. Солтүстік Кореяның спортшысы Вон Сим Хюн 192 (86+106) келіні көтеріп, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлдені ...

    Read More »

    Аустралияда велоспорттан Ұлттар кубогы басталды

    Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар — Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай. Әлемдік додаға 49 елден 291 спортшы қатысады. Жарыс екі күн болады. Оған ұлттық құраманы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш бастап барды.

    Read More »

    Конькишілер Жапонияда екі медаль алды

    Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды. 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді. Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты. ...

    Read More »

    Дэвис кубогы: Аргентина — Қазақстан матчының жеребесі тартылды

    Аргентинаның Росарио қаласында теннистен Дэвис кубогы турнирінің іріктеу кезеңі аясында осы елдің ұлттық құрамасы мен Қазақстан командасы матчының жеребесі тартылды. Бүгін жарыстың бірінші күні, Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де АТР рейтингінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло (№22 АТР) ойнайды. Содан кейін кортқа Тимофей Скатов (№278 АТР) пен Томас Мартин Этчеверри (№28 АТР) шығады. Ертең сағат 20:00-де жұптық сында ...

    Read More »