• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қараша 2022

    Боксшы Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады

    Екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Боксшы келген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді. Осыған ұқсас смс-тер көп келген екен. Барша қолдап жатқан халқыма рақмет! Алла қаласа елге мықты болып ораламын. Алла жазса алар асуымыз әлі алда, — деп жазды Ербосынұлы. 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен ...

    Read More »

    Португалияда Алан Құрманғалиев құрмет тұғырынан көрінді

    Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Vila Nova de Gaia халықаралық турнирі өтті.  Бұл сында Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева) алтын медаль жеңіп алды. Ол Натанель Абрамовты (Израиль) 3:0, Натан Артур Пилардты (Франция) 3:0, Вассим Ессидті (Тунис) 3:2, Рарес Куэсдинді (Румыния) 3:2, Адитья Саринді (Австралия) 3:2 жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова екінші алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькиші Алина Дауранова Финляндияда конькимен жүгіру спортынан өтіп жатқан Әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, мәреге бірінші болып жетті. Финляндияда Дауранова дубль жасады. Ол бұған дейін 1000 метрлік жарыста жеңіске жеткен еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Екі боксшымыз әлем чемпионы атанды

    Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Бақыт Сейдіш (66 кг) пен Элина Базарова (54 кг ) әлем чемпионы атанды. Олар финалда Германияның боксшыларын ұтты. Бақыт Сейдеш Карлотта Шуенеманды, Элина Базарова Куцохоистоу Крисовалантуды жеңді. Ерлер арасында өткен сында Нұрбек Мұрсал (67 кг) мен Дәулет Төлемісовтің (75 кг) Өзбекстанның өкілдеріне есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Осылайша ...

    Read More »

    Бозкілемде мешіт жамағаты мен қызметкерлері күш сынасты

    Ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі өнеріміз қазақ күресінен кезекті турнир мәресіне жетті. Бұл жолы ұлттық күресімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған турнирде мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Ол биыл Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «Ұлттық мұра» бағдарламасының мұрындық болуымен төртінші рет өтті. Осыған дейінгі жарыстарда мешітке келуші жамағат қана өзара белдессе, бұл жолы мешіт қызметкерлері арасындағы балуандар да өзара сайысқа түсті. ...

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова алтын медаль алды

    Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова Финляндиядағы әлем Кубогының жасөспірімдер кезеңінің жеңімпазы атанды. Ол 1000 метр қашықтықта үздік атанды. Дауранова 1:22.107 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші мәреде поляк Виктория Дабровска болды. Итальяндық Серена Пергер үздік үштікті аяқтады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Түркістанда Азияның түйе балуаны анықталды

    Түркістан қаласындағы қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды. «Түйе балуан» атанған Батыс Қазақстан облысының өкілі Темірлан Көлбай бас жүлдеге ие болып,  «Нива» автокөлігін жеңіп алды. Екі күнге созылған дүбірлі додада отандастарымыз өз мықтылықтарын көрсетіп, Азия құрлығы бойынша теңдессіз  екендігін көрсетті. Кезінде халқымыздың атақ-даңқын күрес арқылы бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасов та талай жеңістің шыңына жетті. ...

    Read More »

    Дұрыс қанаттанған түзу ұшады

    Спорт – денсаулық кепілі десек, дене шынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық. Айталық, бүгінде Кәркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі елдегі ілгері оқу жəне спорт ордасының бірі болып саналады. Бұл мектепте тəлім алып жатқан дарынды жасөспрімдер ...

    Read More »

    Қазақстанның биылғы маусымдағы үздік жас ойыншысы анықталды

    Футболдан 2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас ойыншысы анықталды. 2021 жылдан бастап ҚКФЛ-дың мұрындық болуымен жылдың үздік ойыншысына Қазақстан футболының ардагері Анатолий Ионкиннің жүлдесі табыс етіледі. ҚКФЛ баспасөз қызметі хабарлағандай, дауыс беру қорытындысы бойынша үздік ойыншы номинациясын «Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов жеңіп алды. 20 жастағы футболшы биылғы маусымда чемпионатта 22 матчта 3 гол ...

    Read More »

    Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

    Астанада ауыр атлетикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы жеке-командалық чемпионаты басталды. Ел чемпионатына 19 облыстан және Астана мен Алматы қаласынан 180-нен астам спортшы қатысады. Жарыс 29 қарашада бітеді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »