• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қараша 2022

    Бокс: Азия чемпионатын Серік Теміржанов бастап береді

    Бүгін Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталады. Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға үш боксшысы шығады. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының былғары қолғап иелері ринге көтерілген жоқ. Бүгін Астана уақытымен сағат 17.00-де 57 кг дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен Ихлас Гылычжанов (Түркменістан) қолғап түйістіреді. Жеңгені ширек финалда жұдырықтасады. Одан кейін 63,5 кг салмақта Санатәлі Төлтаев  Өзбекстанның боксшысы ...

    Read More »

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...

    Read More »

    Қайрат СӘТЖАНОВ: «Биылғы додада есе қайтарамыз»

    Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына әйелдер құрамасының ізін ала Қазақстан ерлер командасы да аттанды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сəтжановтың шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындықты аяқтады. Осы тұста кей салмақтарда бəсекелестік өте жоғары болғаны сонша, кімнің баратынын анықтау қиын болған екен. Мәселен, бапкерлерге 63,5 келіде «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жүлдегерлері ...

    Read More »

    «Дұғада болайық»: боксшы Қоңқабаев командаға қолдау білдіруге шақырды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионатының алдында командаға қолдау білдіруге шақырды. Бұл туралы ол Instagram-да айтты. Жеребе тартылды. Аллаға шүкір жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз. Қолдауларыңызды білдіріп, құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар, — деді ол. Азия чемпионаты бүгін басталады. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі ел ...

    Read More »

    Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды

    Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды. Биылғы Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрама командасының сапындағы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалдан бастайды. Сондықтан олар қазірдің өзінде қола жүлдені иеленіп отыр. Олардан басқа, Азия чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), ...

    Read More »

    «Turan Barysy» Азия кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

    Түркістанда «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтті. Жарыста Қазақстан балуандары жеңімпазы атанды. Турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан мен Қазақстанның балуандары қатысты. Финалға Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақ  балуандары Өзбекстанның өкілдерін 4:3 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Өзбекстан, ...

    Read More »