• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қараша 2022

    Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны ірі есеппен ұтты

    Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы болды. Онда Қазақстан құрамасы Черногория командасымен кездесіп, 7:0 есебімен ұтты. Бұл матчта голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4), Арнольд Кнауб (15), Альберт Ақбалықов (21), Біржан Оразов (25, 25) пен Азат Валиуллин (40) салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің бесінші тобындағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазір еліміздің ұлттық құрама ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады

    6 қарашада боксшы Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңілді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған кездесуден кейін былғары қолғап шеберін зембілмен алып кетті. Кейін оның комаға түскені айтылды. Ол супер орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан болатын. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді. «Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке ...

    Read More »

    «Дұға етуді сұраймыз»: WBA Айдос Ербосынұлына қатысты ресми мәлімдеме жасады

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлына қатысты ресми мәлімдеме жасады. 6 қарашада Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңілді. Оны зембілмен алып кетті. Ал ауруханада боксшы комаға түсті. Ол супер орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан болатын. «Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) өткен сенбі күні Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жектен кейін Миннесота ауруханасына жеткізілген Айдос ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: дойбышы Тоғжан Тәжібекова күміс жүлде алды

    Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дойбыдан әлем чемпионатында Тоғжан Тәжібекова күміс жүлдегер атанды. Әлемдік додада  19 елден 200-ге тарта ойыншы келіп, бақ сынады. Бұл жолы отандасымыз 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында дойбының рапид және классика түрінен де екінші орынға ие болды. Бұған дейін ол 64 шаршылы дойбыдан дәл сол санатта әлем чемпионы атанған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Ерғали Шамей алтын медальді жеңіп алды

    Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын, екі қола жүлдемен толықты. Бұған дейін елімізге алғашқы алтын медальді  48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбектің жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен  Ерғали Шамей финалдық белдесуде Германияның балуаны Сасс Леннартті 1:0 ұпаймен жеңіп, екінші алтын жүлдені иеленді. Әлем чемпионатының ...

    Read More »

    Қазақ қызы парадзюдодан әлем чемпионы атанды

    Әзербайжанның астанасы Баку қаласында парадзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Ақмарал Наутбек 48 келі салмақ дәрежесінде франциялық Аурериес Мартинет Сандринді ұтып, алтын жүлдені жеңіп алды.  Бұл – Қазақстан тарихындағы парадзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі. Әлемдік доданың финалына Ерғали Шимей де шыққан болатын. Әлем чемпионатында 40 елдің 300-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр. Ақмарал Науатбек — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ...

    Read More »

    Павлодарда Олимпиаданың жүлдегеріне пәтер берілді

    Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың жүлдегері, еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбайға пәтер кілтін табыс етті. Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс медалисі. Биыл ол қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер болып, Грузия мен Өзбекстан спортшыларының нәтижелері есепке алынбағанынан кейін Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ал қазір ол ...

    Read More »

    Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді

    Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде «С» тобында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияның командасын ұтып, ширек финалға шықты. Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кездесті. Онда Рыбакина бірінші партияда есеп 1:1 болғанда қатарынан бес геймді ұтты. Есеп –  6:1. Екінші сетті отандасымыз 2:0 есебімен ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Әлем кубогында екі жүлде алды

    Бүгін семсерлесуден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үздік үштікті түйіндеді. Бәсекенің соңғы, 2-күні командалар өзара кім мықтыны анықтады. Қайша Жәнібек, Диляра Исабекова, Полина Ко мен Әдемі Серікбайдан құралған ұлттық құрама Грузияны 45:17 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Алайда онда Өзбекстаннан келген құрбыларына есе жіберді. Ал қола медаль үшін болған кездесуде Болгариядан 45:37 есебімен басым түсті. Командалық турнирге ...

    Read More »

    АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

     АҚШ-та орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы туралы америкалық көрерменге арналған деректі фильм түсіріліп жатыр. Америкалық жанкүйерге қызықты болсын деп ESPN компаниясы деректі фильм түсіріп жатыр. Оны компания біз қызықты болғаннан кейін түмсіріп жатыр деп ойлаймын. Біз бұған өте қуаныштымыз. Бұл біздің QAZAQ STYLE дүние жүзіне танылып жатыр деген сөз. Бокс тарихында із қалдыру үшін осы бағыттан ...

    Read More »