6 қарашада боксшы Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңілді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған кездесуден кейін былғары қолғап шеберін зембілмен алып кетті. Кейін оның комаға түскені айтылды. Ол супер орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан болатын.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді.
«Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін», – делінген жеделхатта.
Кеше Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлына қатысты ресми мәлімдеме жасап, спортшының өміріне төнген қауіп жоғын айтты.
«Айдос екі аптадай дәрігерлердің бақылауында болады. Қазіргі кезде командасы оның отбасына және жеке өміріне құрметпен қарауды сұрайды. WBA жағдайды ары қарай бақылайды және Ербосынұлы тез сауығады деп сенеді. Бұдан бөлек, бүкіл бокс әлемінен ол үшін дұға етуді сұраймыз», — дейді қауымдастық өкілдері.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА