• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Жібек Құламбаева ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты

    Әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен ойнады.

    Бірінші партияны Жібек Құламбаева 6:2 есебімен жеңсе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ. Есеп  – 6:4.

    Бұл ойын 1,5 сағатқа созылды.

    Енді Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингіде 367-орындағы сербиялық Лола Радивоевичпен күш сынасады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *