Еліміздің 12 жас теннисшісі ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) мен ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер тізімінд үздік 100 спортшының қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев — 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева — 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда.
Tennis Europe рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель — 28, Роберт Каминский — 33, Аңсар Ниетқалиев — 81, Ахмади Маханов — 83, қыздардан Линара Бөлешева — 60, Руслана Русланова 95-орынға орналасты.
ATF рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.