• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    isport.ua

    Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО)

    20 шілдеде АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы 105 мың адамға арналған «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында әлемнің аса ауыр салмақтағы экс-чемпионы Майк Тайсон мен белгілі блогер-боксшы Джейк Пол қолғап түйістіреді.

    Кеше боксшылар осы жекпе-жекке арнап, баспасөз мәслихатын өткізіп, салмақ өлшеу рәсімін жасады. Қазір Майк Тайсон 57 жаста. 30 маусымда ол 58-ге келеді. Ал Джейк Полдың жасы 27-де. Дәл қазір екеуі жекпе-жекке дайындалып жатыр.

    Майк Тайсон соңғы рет 2020 жылы қараша айында әлемнің жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпионы Рой Джонспен бокстасты. Бұл жекпе-жек тең есеппен аяқталды. Сол күні Тайсонның қазіргі қарсыласы Джейк Пол Ұлттық баскетбол қауымдастығы лигасында ойнаған Нейт Робинсонмен жұдырықтасқан болатын. Осы жекпе-жекте Пол баскетболшыны нокаутқа жіберген еді.

    2023 жылы қазан айында Тайсонның өкілдері «Енді Майк ешқашан шаршы алаңға шықпайды», деп мәлімдеді. Бірақ Тайсон шамасын тағы бір сынап көргісі келіп, Джейк Полмен бокстасуға келісімін береді.

    Тайсонмен жекпе-жек өте қиын болатынын білемін. Менде бір қорқыныш бар. Бірақ мені де жақсы түсініңіздер. Нокаутқа түсемін деп қорқып отырған жоқпын. Мен батыл болғым келеді. Бәріне батыл адам екенімді көрсетемін. Онымен жұдырықтасудың өзі батылдық деп ойлаймын.

    Дегенмен мені үрей мен қорқыныш тоқтатпайды. Майк менімен бокстасуға келісім бергені үшін қатты қателесетін болады. Мен Майкқа кімнің мықты екенін мына жұдырықпен көрсетемін, — деді Джейк Пол.

    Майк Тайсон кәсіпқой бокстағы мансабын 2005 жылы аяқтаған еді. Ол шаршы алаңда 50 рет жеңіске жетіп, 44 айқаста қарсыласын нокаутқа жіберді. 6 жекпе-жекте жеңілді.

    Джейк Пол 10 жекпе-жекті жеңіп, бір рет ғана қазіргі ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюридің інісі Томми Фьюриден жеңілді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *