• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Теннистен Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

    Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    А тобында Ярослава Шведова жаттықтыратын жасөспірімдер командасы Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

    Алдымен Ева Корышева индонезиялық Наомиді 6:0, 6:0 есебімен жеңсе, Ариана Гогулина Синклерден 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.

    Жұптық сында Ариана Гогулина Альбина Кәкеновамен бірге командаға үшінші ұпайды әкелді. Олар қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

    Енді ертең Қазақстан құрамасы Жапониямен ойнайды. Осы матчта қай команданың А тобынан бірінші орынмен ширек финалға шығатыны белгілі болады.

    Жапониялықтар да Қазақстан секілді мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

    Іріктеу турнирінде жартылай финалға шыққан төрт команда әлем чемпионатына барады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *