Әзербайжанның астанасы Баку қаласында парадзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Ақмарал Наутбек 48 келі салмақ дәрежесінде франциялық Аурериес Мартинет Сандринді ұтып, алтын жүлдені жеңіп алды.
Бұл – Қазақстан тарихындағы парадзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі.
Әлемдік доданың финалына Ерғали Шимей де шыққан болатын. Әлем чемпионатында 40 елдің 300-ден астам спортшысы бақ сынап жатыр.
Ақмарал Науатбек — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж түлегі. Ол көру қабілеті нашарлап, денсаулығына зақым тие бастағандықтан, парадзюдо спорт түріне ауысқан еді. Ақмарал денсаулығына қарамастан спорттың осы түрінде де топ жарып, әлем чемпионы атанып отыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА