Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын, екі қола жүлдемен толықты.
Бұған дейін елімізге алғашқы алтын медальді 48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбектің жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ерғали Шамей финалдық белдесуде Германияның балуаны Сасс Леннартті 1:0 ұпаймен жеңіп, екінші алтын жүлдені иеленді.
Әлем чемпионатының қола жүлдесі Даяна Федосова ( -57 кг) мен Олжас Оразалыұлы (-73 кг) бұйырды.
Парадзюдодан әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін болады. Оған 41 мемлекеттен 270 балуан қатысса, Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғап жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА