• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

     АҚШ-та орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы туралы америкалық көрерменге арналған деректі фильм түсіріліп жатыр.

    Америкалық жанкүйерге қызықты болсын деп ESPN компаниясы деректі фильм түсіріп жатыр. Оны компания біз қызықты болғаннан кейін түмсіріп жатыр деп ойлаймын. Біз бұған өте қуаныштымыз. Бұл біздің QAZAQ STYLE дүние жүзіне танылып жатыр деген сөз. Бокс тарихында із қалдыру үшін осы бағыттан таймай, жұмыстарымызды жалғастырамыз, – деді Жәнібеке Әлімханұлы.

    Жақын арада Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғайды. Оның қарсыласы — британиялық Дензел Бентли. Жекпе-жек Астана уақытымен 13 қараша күні таңертең Лас-Вегас қаласында (Невада, АҚШ) өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *