• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды.

    Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды.

    Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмағында аз боксшы келгендіктен кемі қола медальге ие болады. Алайда жерлестеріміз мұнымен шектеліп қалмайды, деп сенеміз.

    Ерлер арасындағы жеребе:

    1/8 айналым

    48 кг. Санжар Ташкенбай – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)

    51 кг. Сәкен Бибосынов – Нуржигит Дуйшебаев (Кырғызстан)/Кумар Спарш (Үндістан)

    57 кг. Серік Теміржанов – Абукузаил Турки (Кувейт)/Ихлас Гылычжанов (Түркменістан)

    63,5 кг. Санатәлі Төлтаев – Шунсуке Китамото (Жапония)/Руслан Абдуллаев (Өзбекстан)

    67 кг. Дулат Бекбауов – Сапармурат Одаев (Түркменстан)

    71 кг. Асланбек Шымбергенов – Пианар Маржон (Филиппин)

    Ширек финал

    54 кг. Махмұд Сабырхан – Чожан Фануват (Таиланд)/Ганболд Доржнямбуу (Моңғолия)

    60 кг. Саматәлі Төлтаев – Мирзохид Имамназаров (Кырғызстан)/Шукур Овезов (Түркменстан)

    75 кг. Нұрқанат Райыс – Сагын Сатыбалдыуулу (Кырғызстан)/Кан Чей Вей (Тайбэй)

    80 кг. Нұрбек Оралбай – Анвар Насрединов (Камбоджа)/Жонгжохо Вирапон (Таиланд)

    86 кг. Сағындық Тоғанбай – Навруз Джафоев (Тәжікстан)

    92 кг. Айбек Оралбай – Навин Кумар (Үндістан)

    +92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Вишах Моханнад/До Хьен Ким ( Оңтүстік Корея)

    Біздің жігіттер – әлем боксының көшбасшылары. Алғашқы айналымда-ақ 48 кг дейінгі салмақта ересектер арасына енді қосылған Санжар Ташкенбай дарынды өзбекстандық спортшымен жұдырықтасады. Не болса да, біз өз мәнерімізді жоғалтпай, барлық салмақта соңына дейін таласуымыз керек, — деді ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов жеребе қорытындысын көргеннен кейін.

    Әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Шәміл Сафиуллин де жеребеге көңілі толатынын атап өтті.

    Жеребеге көңілім толады. Шынымды айтсам, мені Олимпиада бағдарламасына кіретін 66 кг дейінгі салмақта аз спортшы келгені таңғалдырады. Алдағы күндері Үндістан, Жапония, Тайпэй қыздары біз үшін негізгі қарылас болмақ. Сондай-ақ Өзбекстан да кейінгі жылдары қарқынына-қарқын қосып келе жатыр. Қалай болса да біз кел-келген қарсыласқа және бәсекеге дайынбыз,-деді ол.

    Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Ерлер 13 салмақта, əйелдер 12 салмақта шаршы алаңға шығады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *