• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Дұғада болайық»: боксшы Қоңқабаев командаға қолдау білдіруге шақырды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионатының алдында командаға қолдау білдіруге шақырды.

    Бұл туралы ол Instagram-да айтты.

    Жеребе тартылды. Аллаға шүкір жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз. Қолдауларыңызды білдіріп, құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар, — деді ол.

    Азия чемпионаты бүгін басталады. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі ел намысын 92 келі салмақта қорғайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *