Екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Боксшы келген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді.
Осыған ұқсас смс-тер көп келген екен. Барша қолдап жатқан халқыма рақмет! Алла қаласа елге мықты болып ораламын. Алла жазса алар асуымыз әлі алда, — деп жазды Ербосынұлы.
6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта дивизиондағы жекпе-жекте WBA титулы сарапқа салынған еді. 12-раундтағы нокауттан кейін Айдосты шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Оны «миына қан кету» диагнозымен жасанды түрде комаға түсіріп, операция жасаған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА