• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қараша 2022

    Түркістанда қазақ күресінен Азия кубогы басталды

    Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Азия кубогы үшін халықаралық турнирі басталды. Дәстүрлі жарыста Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық спортшы күш сынасады. Азия кубогында сайдың тасындай іріктелеген білекті де жүректі балуандарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов сәттілік тілеп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді. Қазақ күресі – ...

    Read More »

    Жетісу облысында заманауи шаңғы-биатлон кешені салынады

    Жетісу облысында қазіргі заманғы шаңғы–биатлон кешені салынады. Бұл туралы Ппарламент Сенаты депутаттарының сауалына премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған. «Қазіргі уақытта Жетісу облысында 25 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (бұдан әрі – БЖСМ) бар. Онда 22 533 адам оқиды. Оның ішінде шаңғы жарысымен 121 оқушы айналысады. Олармен 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Алакөл және Сарқан аудандарында Жетісу облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ...

    Read More »

    Футбол жанкүйері Катарға 1600 шақырымды жаяу жүріп жеткен

    Сауд Арабияның азаматы Абдалла әл-Салми футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына өз командасын қолдау үшін жаяу барған. Ол Дохаға 1600 шақырымды артқа қалдыра отырып жетіпті. Соның құрметіне жанкүйерлер Абдалланы сән-салтанатпен күтіп алған. Әлем чемпионатын көру Абдалла әл-Салмидің бала кезден бергі арманы екен. Ол Сауд Арабиясы мен Аргентина арасындағы матчты өткізіп алмауға бекініп, туған қаласы Джеддадан Дохаға дейін жаяу шығып, 55 күн жүріп ...

    Read More »

    «Ақталуға қақымыз жоқ»: Месси Аргентинаның жеңілісі туралы айтты

    Лионель Месси Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Сауд Арабиясы құрамасынан жеңілген Аргентина командасының ойыны туралы айтты. «Сауд Арабиясынан жеңіліп, психологиялық соққы алдық. Чемпионатты осылай бастаймыз деп ойламаған едік. Біз өзімізге сенімді болдық. Үш ұпай алып, жанымыз тыныш болсын дедік. Бірақ бәрінің оңай бола қоймайтынын көрдік. Біз қарсыласымызды жақсы біліп, ойнадық. Голды тез салдық. Содан кейін тағы да қақпаны дәл ...

    Read More »

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан кейін балаларына хат жазды

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет Instagram желісіндегі аккаунтын жаңартты. Ол Instagram-дағы Stories-інде балаларының суреттері жариялап, оларға хат жазды. Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекте кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Оған өткен аптада операция жасалды. Содан кейін ол  терапия бөлімінен палатаға ауыстырылды. ESPN телеарнасының ...

    Read More »

    Франция құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

    Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында D тобындағы матчтар басталды. Осы топтағы фавортиттердің бірі – Франция Австралия құрамалары кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде алғаш болып австралиялықтар есеп ашты. Ойынның 9-минутында «жасыл құрлық» командасының шабуылшысы Крейг Гудвин гол салды. Одан кейін Австралия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпиондарының шабуылдарына қарсы тұра алмады. 27-минутта Адриен Рабьо таразы басын теңестірді. Ал Оливье Жиру араға ...

    Read More »

    Сенсация! Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан ұтылды

    Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. Әлем чемпионатының фавориттерінің бірі – екі дүркін әлем чемпионы Аргентина құрамасы С тробындағы қарсыласы — Сауд Арабиясы командасынан жеңіліп қалды. Бұл кездесуде бірінші болып Аргентина құрамасы есеп ашты. Ойынның 10-минутында Лионель Месси пенальтиден нысананы дәл көздеді. Екінші таймда Сауд Арабиясы құрамасы есепті теңестірді. Матчтың 48-минутта Салех Әл-Шехри гол салса,  Салем Әл-Давсари ...

    Read More »

    Бейбіт Жұқаев Жапониядағы турнирді жеңіспен бастады

    Бейбіт Жұқаев Жапониядағы Йоккаити челленджер турнирін жеңіспен бастады. Әлемнің 315-ракеткасы, Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 402-орында тұрған жапониялық Юта Шимизумен өткізді. Теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 173-інші, жарыстың 3-ракеткасы, тағы бір жапониялық Есуке Ватанукимен кездеседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА 

    Read More »

    Дмитрий Морозов пен Алина Дауранова А тобына жолдама алды

    Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова екінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд. Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді.   ...

    Read More »

    Каратэшілер Индонезиядан олжалы оралды

    Индонезияның астанасы Джакарта қаласында аяқталған WKF каратэден А сериясының төртінші кезеңі Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. Жылдың қорытынды бәсекесіне аттанған ұлттық құраманың 14 кумите шебері 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді иеленіп, жалпы есепте үшінші орын алды. Отандастарымыз ката бағдарламасына қатысқан жоқ. Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта финалға каратэші Әсемгүл Ердәулет пен Гүлмира Үсенова шығып, алғашқысы 3:1 ...

    Read More »