• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сенсация! Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан ұтылды

    Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. Әлем чемпионатының фавориттерінің бірі – екі дүркін әлем чемпионы Аргентина құрамасы С тробындағы қарсыласы — Сауд Арабиясы командасынан жеңіліп қалды.

    Бұл кездесуде бірінші болып Аргентина құрамасы есеп ашты. Ойынның 10-минутында Лионель Месси пенальтиден нысананы дәл көздеді.

    Екінші таймда Сауд Арабиясы құрамасы есепті теңестірді. Матчтың 48-минутта Салех Әл-Шехри гол салса,  Салем Әл-Давсари 53-минутта отандастарын алға шығарды. Осыдан кейін Аргентина жасағы шабуыл жасап, есепті теңестіргісі келгенімен одан ештеңе шыққан жоқ. Кездесу 2:1 есебімен Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық құрамасының пайдасына шешілді.

    Осылайша, Араб түбегінің командасы алғаш рет Аргентинаны жеңді.

    Бұған дейін құрама командалар төрт мәрте кездесіп, екеуінде Аргентина басым түссе, екі матчта есеп тең аяқталған болатын.

    Бүгін осы топтағы Мексика мен Польша командалары кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *