• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: ақпан 2024

    Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

    Астанада Туризм және спорт министрлігі мен Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атандағы Жекпе-жек сарайында болады. Ел чемпионаты Олимпиялық ойындарға енгізілген күрес түрлерін танымал ету, оның беделін арттыру мен күрес түрлерінен ұлттық құраманы іріктеу мақсатында өткізіледі. Қазақстан чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар. Атап ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы Түркіменстанмен жолдастық матч өткізеді

     Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Түрікменстан командасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарлады. Ұлттық құрама 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланып отыр. Еліміздің бас командасының Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында болады. Бұған дейін Қазақстан мен Түрікменстан ...

    Read More »

    Абат Айымбетов Түркияның клубына ауысуы мүмкін

    Түркияның ақпарат құралдарының  хабарлауынша, «Адана Демирспор» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысын сатып алуы мүмкін. Telegram-дағы Sportqazaq арнасының мәліметіне қарағанда, футболшы бүгін түнде Түркияға жолға шықты. Ол Анадолы елінде медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қоюы ықтимал. Түркияда қысқы трансфер кезеңі 9 ақпанда жабылады. Сондықтан еш қиындықсыз үлгеруге болады, — делінген хабарламада. «Ақтөбе» клубының басшылығы да Айымбетовті команда қатарында көргісі келеді. ...

    Read More »

    Ұлттық баспасөз күнін қалай атап өтеміз?

    Ертең, 2 ақпанда елімізде алғаш рет Ұлттық баспасөз күні аталып өтіледі. Ұлттық баспасөз күні туралы ұсынысты белгілі журналист, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Төлен Тілеубай 2009 жылдан бері айтып келді. Ол 15 жыл бойы баспасөзде, әлеуметтік желілерде Ұлттық баспасөз күні туралы идеяны қоғамның есіне салып отырды. Газетке мақала, әлеуметтік желіге пост ...

    Read More »

    Дағыстанда белгілі аралас жекпе-жек шеберін атып кетті (ВИДЕО)

    Ресейдің Дағыстан Республикасында белгілі аралас жекпе-жек шебері Магомед Мутаев қаза тапты. Оны белгісіз адам Махачкала қаласының орталығында атып кетті. Қылмыскер іздестіріліп жатыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, 18 жастағы Надырхан К. есімді адам болуы мүмкін. Ол Мутаевтан кек алу үшін өлтірген деген дерек бар. Магомед Мутаев 20 жаста болған. Спортшы Забиб Нурмағомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қарамағында жаттығып, Fight Nights промоушенде жекпе-жекке ...

    Read More »