• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан құрамасы Түркіменстанмен жолдастық матч өткізеді

     Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Түрікменстан командасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарлады.

    Ұлттық құрама 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланып отыр.

    Еліміздің бас командасының Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында болады.

    Бұған дейін Қазақстан мен Түрікменстан құрамалары өзара үш рет ойнаған. Командалар алғаш рет 1992 жылы 1 маусымда Алматыда Орталық Азия кубогы жолындағы турнирдің финалдық кезеңде кездескен. Бұл ойында Қазақстан Түрікменстан командасын 1:0 есебімен жеңген.

    Екінші матч Ашхабад қаласында болған. Сол жылы 14 қыркүйекте Орталық Азия кубогының финалдық кезеңде қарсыластар 1:1 есебімен тең тарқасқан. Ал үшінші рет құрамалар 1994 жылы 15 сәуірде Ташкент қаласында бас қосқан. Командалар Өзбекстан Тәуелсіздігінің кубогы жолындағы жарыстың финалдық кезеңде ойнап, бір-біріне гол сала алмай кеткен. Матч 0:0 болып аяқталған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *