• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

    Астанада Туризм және спорт министрлігі мен Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атандағы Жекпе-жек сарайында болады.

    Ел чемпионаты Олимпиялық ойындарға енгізілген күрес түрлерін танымал ету, оның беделін арттыру мен күрес түрлерінен ұлттық құраманы іріктеу мақсатында өткізіледі.

    Қазақстан чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар.

    Атап айтар болсақ, Исхар Құрбаев, Айдос Сұлтанғали, Сұлтан Әсетұлы, Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шермаханбет, Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов мияқты әлемдік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері күш сынасады.

    Чемпионат қорытындысы бойынша сәуір айында Қырғызстанда өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын спортшылар анықталады.

    Бүгін кешкі сағат 17:30-да жарыс салтанатты жағдайда ашылады. Ал белдесулер сағат 10:30-да басталды. Бірінші және үшінші орынға белдесулер мен марапаттау рәсімі күн сайын сағат 18:00-де болады.

    Бүгін және ертең грек-рим күресінің шеберлері кілемге шығады. Олар 1 ақпанда 55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта, ертең 60, 67, 77, 87, 130 келі салмақ дәрежесінде күреседі.

    3 ақпанда әйелдер күресі болады. Әйелдер 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келіде күш сынасады.

    4 ақпанда еркін күрес шеберлері 57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі. Ал чемпионаттың соңғы күні, яғни 5 ақпанда кілемге тағы да еркін күрес балуандары шығып, 61, 70, 79, 97, 125 келіде шын мықтыны анықтайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *