• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Білімді мыңды жығады (ФОТО)

    «Білімді мыңды білімсіз бірді жығады», деген бабаларымыз. Бұл сөзді ата бабаларымыз тегін айтпаса керек. Осы бір-екі ауыз сөздің ішінде қаншалықты мән мағына жатыр десеңізші.

    Бүгінде саңлақ спортшы болып қалыптасу үшін білімдінің сақасы оңынан түсері уақыт көрсетіп келеді. Сондықтан да білімді спортшы болып өсіп жетілсе алмас қамал болмас.

    Кеше К. Ахметов атындағы Олимпиадалық ізбасарларды дайындайтын республикалық мектеп-интернат колледжінің қабырғасында балалардың білімі мен тәртіп, жарыс нәтижелерін тексеретін ұстаздардың қатысуымен аттестациялау сынағы болып өтті.

    Семсерлесу, гимнастика, вело шоссе, вело трасса, таеквандо және бокс түрлерінің жаттықтырушылары шәкірттерін алып кіріп сынақтан сүрінбеуге тырысты. Иә, қырағы көзді ұстаздар шәкірттерінің сабақ үлгерімін, тәртібін жақсы білері анық. Сондықтан жасөспірімдердің әрбір шыққанының оқуы жақсылары жүзі жарқын тұрса, білімі саяздары басын төмен сабыратып екі алған баладай күйде болды. Дегенменде балалардың көпшілігі оқумен қатар спорттта қамшы салдырмай жүргендерінің күәсі болдық. Мектеп колледжінің директорының орынбасарлары Данара Қабденқызы, Жанна Байділдәқызы және Салтанат Орынқыздары секілді өз саласының мамандарының көз сүзгісінен сүрінбей өткендердің мерейі үстем болып қуана шығып жатты. Негізі осындай сынақ сүзгісі жылына екі рет өтіп тұрады екен.

    Оқуы нашар, тәртібі төмен балаларды бір сынап қарап нашарларының деңгейін көтеріп алатын осындай сынақтардың берер пайдасы зор. Кейбір балалар спортта мықты екен. Ал, білімге, оқу үлгеріміне келгенде әлі де жақсы нәтиже болмағандығы өкінішті. Осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін алдымен білімді алға қою керектігін ұстаздар қауымы оқушы спортшыларға қатаң ескертіп жатты.

    Кезінде атақты спорт жащушысы Сейдахмет Бердіқұлов: «Футбол ақылдағыны аяққа түсіріп ойнайтын ойын», деген екен. Ендеше, жұмыр баста ақыл, білім болмаса спорттың қай түрін алып қарасақта алға жылжу болмасы, анық. Бүгінгі сынақтың негізгі ұстанымы да осы еді. Ұстаздарының алдында оқу үлгерімі төмендеу балалар беттері қызарып соңғы сөздерін айтып, енді барлық жағынан тартылатындығын айтып сенім білдірді. Алпауыт спортшы болып өсу үшін білімнің маңызы айрықша. Сондықтан да сабақтан қалмай білімге белсене кірісу үшін алдағы уақытта бар мүмкіндіктерін салтындарына сенім білдіріп жатты. Иә, өзіміздің қаракөз жасбуыннан алдағы уақытта күтер үмітіміз зор. Алла ұрпаңымызда тек алдынан жарылқасын. Ахмет Байтұрсыновтың: «Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін кәсіп керек, мықты болу үшін бірлік керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деді емес пе?!

    Ендеше, білім барлық істің алтын бұлағы.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *