• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 05.04.2024

    Әлем кубогы: Қазақстан артистік жүзуден екі жүлде алды

    Қытайдың астанасы – Бейжің қаласында өтіп жатқан артистік жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл сында аралас жұптық сында техникалық бағдарламада Наргиза Болатова мен Эдуард Ким күміс жүлдегер атанды. Олар 199.4450 ұпай жинады. Жарыста бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Испания спортшылары иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы техникалық бағларламадағы топтық жарыста Қытай мен Австралияға жол ...

    Read More »

    Магомед Адиев — «Ахмат» футбол клубының бас жаттықтырушысы

    Футболдан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Ресейдің Шешен Республикасының астанасы Грозный қаласының «Ахмат» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Ол Ахмат Ромащенконы алмастырды. Бұл мәлімет ресейлік клубтың сайтында шықты. Бүгін, 5 сәуірде «Ахмат» футбол клубының жалпыкомандалық жиыны болды. Осы кездесуде клубтың президенті Магомед Даудов команданың жаңа бас жаттықтырушысы – Магомед Адиевті таныстырды, — делінген материалда. Магомед ...

    Read More »

    Елімізде тұңғыш рет сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

    12-14 сәуір аралығында елімізде тұңғыш рет сурдодзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік дода Түркістан қаласында Қазақстан сурдодзюдо федерациясы мен Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен жалауын көтереді. Сурдо дзюдо федерациясының хабарлауынша, оған 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Елімізде алғаш рет жалпы сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты өткізілейін деп отыр. Бұл — тарихи оқиға.  Ол біз үшін үлкен жауапкерлішік. Есту қабілеті ...

    Read More »

    Хоккейден әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады

    7-13 сәуір аралығында Андорраның Канильо қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизиондағы матчтары болады, хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан құрамасы А тобында Испания, Мексика, Қытайдың Тайбэйі, Исландия, Бельгия командасымен бірге сынға түседі. Алғашқы турда ұлттық құрама 7 сәуірде Астана уақытымен 16:00-де Мексикамен ойнайды. Одан кейінгі матчтар кестесі мынадай: 8 сәуір Қазақстан – Қытайдың Тайбэйі ...

    Read More »

    «Grand Prix – 2024»: пара дзюдошы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды

    Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Қазақстан пара дзюдо федерациясының хабарлауынша, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті. Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Турнирге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.

    Read More »