• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 09.04.2024

    Спаррингтік турнирде финалға шыққан бокшылар анықталды

    Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде қыздар арасында алғашқы финалистер анықталды. 66 келі салмақтағы Жасмин Қизатова Лаура Есенгелдімен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Енді ол финалда ұлттық құрама үздігі Наталья Богдановамен күш сынасады. 75 келіге дейінгі салмақтағы Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызының жекпе-жегі де тартысты болды. Бұл айқаста төрешілер шешімімен Гүлсая Ержанға финалға жолдама берілді. Енді Гүлсая Ержан финалда Валентина Хальзовамен ...

    Read More »

    Спаррингтік турнир: Дулат Бекбауов жаңа салмақта келесі айналымға шықты

    Бүгін бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнир одан әрі жалғасты. Шаршы алаңға бірінші болып  63,5 келіде Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауовпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекке Дулат Бекбауов алғаш рет жаңа салмақта шықты. Ал Серік Теміржанов 2023 жылы Спартакиадада финалға дейін жетіп, Мұхаммедсабыр Базарбайұлыдан 1:4 есебімен жеңілген еді. Алғашқы раундта Серік Теміржанов үстем болды. Екінші раундта Дулат Бекбауов өзін жинап, тараз басын ...

    Read More »

    Таеквондошылар Испаниядан төрт жүлдемен оралды

    Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы есепте үшінші орын иеленді. Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 кг) пен Нұрлан Мырзабаев (87 кг) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 кг) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 кг) еншісінде қола жүлде бар. Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Спаррингтік турнир: бүгін боксшылар жеті жекпе-жекке шығады

    Бүгін Астанада бокстан өтіп жатқан спаррингтік турнирде жартылай финалдың жекпе-жектері болады. Шаршы алаңға 54, 63,5, 66 және 75 келі салмақтағы боксшылар шығады. Алдымен 63,5 келіге дейінгі салмақтағы былғары қолғап иелері күш сынасады. Бірінші жекпе-жекте Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Жандос Қарабалиев қолғап түйістіреді. Мұхаммедсабыр кеше ширек финалда Ертуған Зейнуллиновты жеңген. Ал Жандос спаррингке екінші айналымнан қосылып отыр. Серік Теміржанов мен Дулат Бекбауов та ...

    Read More »