Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде қыздар арасында алғашқы финалистер анықталды. 66 келі салмақтағы Жасмин Қизатова Лаура Есенгелдімен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті.
Енді ол финалда ұлттық құрама үздігі Наталья Богдановамен күш сынасады.
75 келіге дейінгі салмақтағы Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызының жекпе-жегі де тартысты болды. Бұл айқаста төрешілер шешімімен Гүлсая Ержанға финалға жолдама берілді.
Енді Гүлсая Ержан финалда Валентина Хальзовамен кездеседі.
Турнир жеңімпаздары Таиландта өтетін соңғы іріктеу турнирінде бақ сынайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА