• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 29.04.2024

    Қазақстан теннисшілері WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

    Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияның астанасы — Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Елена Рыбакина үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифпен ойнап, оны 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға шықты. Содан кейін партияны 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетте де отандасымыз 3:1 есебімен алға ...

    Read More »

    Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 15 жастағы теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасында бірінші, осы жарыстың да бірінші ракеткасы болған Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Заңғар Нұрланұлы финалға дейін Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды. Финалдық ойын өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен ...

    Read More »

    «Шардара Армспорт» шағын клубынан 107 әлем чемпионы шықты (ФОТО, ВИДЕО)

    Биыл Түркістан облысының Шардара ауданындағы «Шардара Армспорт» клубына 26 жыл болып отыр. Бұл клубтың негізін 1997 жылы ауданның қазіргі әкімі Арман Қарсыбаев қалаған. Содан бері клубта армрестлингпен айналысатын жергілікті тұрғындар Әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғап, жеңістің биік тұғырына шығып, еліміздің әнұранын шырқатып, көк байрағымызды көтеріп келеді. Бүгін біз клубтың қазіргі тынысымен танысу үшін «Шардара Армспорт» ұжымының пиар менеджері, ...

    Read More »

    «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кеккер қызметінен кетті

    «Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кекердің қызметінен кетті. Футбол клубының хабарлауынша, ол командадаға басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кетемін деп өтініш жазған. 44 жастағы маман «Қайрат» ФК қала береді. Кекер команданы 2022 жылғы маусымнан бастап жаттықтырған. Оның жетекшілігімен «Қайрат»  60 матч ойнап, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 ойында тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы уақытта «Қайрат» ...

    Read More »

    Стенд атудан ұлттық құрама Олимпиадасының лицензиясын иеленді

    Стенд атудан ұлттық құраманың көшбасшысы Эдуард Ещенко Катардың астанасы — Дохада өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек бір ұпайға қалып қойды. Спортшы 35 ұпай жинады. Бұл — стенд ату шеберлерінің екінші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған ...

    Read More »

    Ұлытау облысында стадиондардың алаңдары жаңарады

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Жезқазған мен Балқаш қалаларына іссапармен барып, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлымен және өңірдегі футбол функционерлерімен кездесті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 2022 жылы Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлытау облысы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. ҚФФ басшысы әкімдіктің қолдауымен облыстық футбол ассоциациясының аз уақыттың ішінде атқарған жұмысын жақсы баға берді. Кездесуде ...

    Read More »

    Семсерлесуден Айгерім Сарыбай Олимпиада жолдамасын алды (ВИДЕО)

    Семсерлесуден ұлттық құраманың спортшысы Айгерім Сарыбай Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті. Осының алдында Айгерім Сарыбай қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда аустралиялық Вероника Василеваны 15:12 есебімен жеңген еді. Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жеңілді. Фуджейрадағы жарыста ...

    Read More »