Еркін күрестен Қазақстан құрама командасы Түркияның Ыстанбұлда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама ала алмады, деп хабарлады Оlympic.kz
Ұлттық құраманың балуандары үш салмақта Олимпиадаға лицензия алған жоқ. Бұған дейін 86, 97 және 125 келідегі балуандар іріктеуден өткен болатын.
Ыстанбұлда өткен соңғы іріктеу турнирінде балуандар 57, 65, 74 келіде жолдамаға таласты. Бірақ ешкім межелі орыннан көріне алмады.
Рахат Қалжан (57 кг) қола медаль үшін күресте қытайлық Ваньхао Цзоуға есе жіберді.
Адлан Асқаров (65 кг) жұбаныш белдесуінде ресейлік Нургун Скрябиннен жеңілді.
Нұрғожа Қайпанов (74 кг) албаниялық Чермен Валиевпен қола медаль үшін күресіп, одан айла асыра алмады.