• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 03.08.2025

    Қазақстан футзалында отандық ойыншыларды дайындауды құптаймын — Нұрсұлтан Құрман

    Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құраманың Еуропа чемпионатына шығуы, Премьер-лигадағы бәсекелестікті арттыру, футзалға инвестиция тарту және өзге де мәселелер бойынша ой-пікірін айтып берді. — Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіне келгеніңізге бір айға жуықтады. Бұл қызметке келгенде алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз? — Алдымен жақын уақытта жүзеге асуы көзделген жоспарымызға тоқталайық. Нақты ортақ мақсатымыз ...

    Read More »

    Ақтөбеде ел ағалары жас талантқа бір үйір жылқы сыйлады

    Ақтөбеде ел ағалары жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жас балуан Жаңажол Қуанышбекке бір үйір жылқы сыйлады. Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Грекияның Афина қаласында әлем чемпионы атанған еді. Ол 45 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Соның құрметіне Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жас балуанға бір үйір жылқы тарту етті. ...

    Read More »

    Poland Open-2025: Эльмира Сыздықова жарақаттың кесірінен күміс жүлде алып қалды

    Күрес түрлерінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан Poland Open турнирінде Эльмира Сыздықова ойда жоқта финалға шыға алмады. Ол 2 тамызда 76 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласта бозкілемге шықпай қалды. Кейін оның жарақат алғаны белгілі болды. Бұған дейін спортшы қатарынан үш рет күресіп, үшеуінде де қарсыластарын жеңген еді. Осылайша турнирдің жеңімпаз атағы бразилиялық Тамирес Мартинс Машадоға бұйырды. Ол еш ...

    Read More »

    Рыбакина Канадада камбэк жасады

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол турнирдің төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға ...

    Read More »