• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Бүкіләлемдік күрес одағы

    Ақтөбеде ел ағалары жас талантқа бір үйір жылқы сыйлады

    Ақтөбеде ел ағалары жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жас балуан Жаңажол Қуанышбекке бір үйір жылқы сыйлады.

    Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Грекияның Афина қаласында әлем чемпионы атанған еді. Ол 45 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Соның құрметіне Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жас балуанға бір үйір жылқы тарту етті. Бұған дейін Ақтөбе облысының бір кәсіпкері дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовке де кезінде бір үйір жылқы тарту еткен болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *