• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қыркүйек 2025

    Кадеттер арасындағы ӘЧ-2025: қазақтың қаршадай балалары әлем чемпионы атанды

    Алматыда кадеттер арасындағы биылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. «Кадет» деп 12 жасқа дейінгі жас шахматшыларды атайды. Осы әлемдік додада 8 жастағы Әлиша Бисалиева, Әдинұр Әділбек пен 12 жастағы Данис Қуандықұлы чемпион атағын жеңіп алды. Осының нәтижесінде еліміз командалық есепте де үздік шықты. Шахматтан кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2025) 19–30 ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан екі күміс медаль жеңіп алды

    Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл сында Глеб Коваленя еркін әдіс бойынша 50 метрге 22.81 секундта, ал Айбат Мырзамұратов брасс әдісімен 50 метрге 28.04 секундта жүзіп, күміс медаль алды. Қазақстан құрамасының өзге көрсеткіштері: Артур Миронов – 5-орын, 50 м брасс, 28.31 Әділбек Мусин – 6-орын, ...

    Read More »

    Қала әкімі бокстан әлем чемпионына 40 млн теңге берді

    Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокстан және күрес түрлерінен әлем чемпионаттарына қатысып, құрмет тұғырының биік сатысынан көрінген спортшыларды марапаттады. Ол әуелі ұлттық құраманың өкілдерін құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті. Содан кейін Алматының әкімі бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға  40 млн теңге, күміс жүлдегер Назым Қызайбайға 30 млн теңге, қола медалистер Елдана Талипова мен Виктория Графееваның әрқайсына  20 ...

    Read More »

    Қазақстан каратэшілері III ТМД елдері ойындарына қатысады

    Қазақстан каратэшілері 28 қыркүйекте Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарына қатысады, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Ойындар 8 қазанға дейін болады. Онда барлығы спорттың 23 түрінен жүлде сарапқа салынады. Бұл қатарда WKF каратэ бар. Назарыңызға ката және кумите бағдарламасындағы Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз: Әйелдер — Айжан Бәкірова (-61 кг), Асылай Савидова (+68 кг), Айшабибі Шарахан (-55 кг), Малика ...

    Read More »

    III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға екі медаль салды

    Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы екі жүлдені жеңіп алып үлгерді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Скит жаттығуында аралас жұптық сында Максим Почивалов пен Лидия Башарова жұбы аса тартысты өткен финалда күміс жүлдегер атанды. Микстен жүлдегерлер: Ресей Қазақстан Әзербайжан Ал трап жаттығуында жекелей сында Наргиза Сарманова қола жүлдеге ие болды. ...

    Read More »

    Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екінші орын алды

    Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы ірі турнирде бір медальға ие болды. Ерлер арасында өткен жарыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Бірінші орынды ресейлік Денис Колобродов жеңіп алса, оның отандасы Роман Минеев үшінші болып мәреге келді. Аян Бейсенбаев төртінші, Егор Крупяков алтыншы, Александр Тен 12-орын, Арлан Жанабай 15-орын, ал Әли Жанат 18-орын алды. ...

    Read More »

    Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатында жүлдегер атанды

    Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың алғашқы күні жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: Күміс медаль: Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй, 52.66 Күміс жүлде: София Әбубәкірова – 50 м шалқалай жүзу, 28.90 Қола медаль: Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй, 1:01.14 ...

    Read More »

    Бота балуандардың бағын ашар турнир

    Жапондар дзюдосын, кәрістер таеквондосын әлемге қалай танытқаны сияқты  бізде өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі төл күресімізді төрткіл дүниеге кеңінен насихаттау  жолында бар күш-жігерімізді, қолымыздан келген мүмкіндігімізді аянып қалмауымыз керек. Елімізде қазақ күресінің дамуы жолында өтетін дүбірлі жарыстар көп деп айта алмаспыз. Солардың бірі әрі бірегейі Райымбек Түкеұлы атында жасөпірімдер арасында республикалық дәстүрлі аламан жекпе-жек болып саналады. Батыр бабамыз Райымбек туған ...

    Read More »

    Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы: Қазақстан – қола жүлдегер!

    Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден аралас жұптық сайыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина 49.68 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Жапон спортшылары 50.33 нәтижесімен топ жарса, күміс медаль бейтарап мемлекет (50.29) өкілдеріне бұйырды. Әлем кубогына жалпы 14 елден 60-тан астам ...

    Read More »

    «Реал» (Мадрид) футболшылары Алматыға келе жатыр

    «Реал» (Мадрид) Қазақстанға сапар алдында ойыншылардың фотосуреттерін жариялады.  Клубтың ресми Instagram парақшасында  «Реал» (Мадрид) командасының Алматыға ұшуға дайындалып жатқанын көруге болады. Фотода Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем, Арда Гүлер, Франко Мастантуоно, Родриго, Тибо Куртуа, Эндрик Фелипе мен Дани Себальос түсірілген. Матч алдында Испанияның клубы «Қайратқа» қарсы құрамын жариялады. Бұл ойын 30 қыркүйекте сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, Qazaqstan ...

    Read More »