Семсерлесуден Үндістанда кадеттер арасында өткен Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді. Сонымен бірге Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Monthly Archives: қыркүйек 2025
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады Бүгін сағат 17:00–де «Қайрат» (Алматы) мен «Реал» (Мадрид) матчына билеттер сатылымы басталады, деп хабарлады fckairat.com. Әрбір матчқа билеттің бағасы — 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады. Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) — 30 мың теңге; Солтүстік / Оңтүстік трибуналар — 75 мың теңге; Шығыс трибуна — 150 мың теңге; Батыс ...
Read More »Усман Дембеле мен Айтана Бонмати — «Алтын доп» сыйлығының иегерлері!
Футболдан Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Усман Дембеле, ал әйелдер арасында Испанияның «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Айтана Бонмати үшінші жыл қатарынан «Алтын доп» сыйлығының иегері атанды. Бұл марапат биыл төртінші рет жыл қорытындысына байланысты емес, футбол маусымының нәтижесі бойынша берілді. Онда 2024 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынды. Оған спорт ...
Read More »WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен 12 медаль жеңіп алды
Үстел теннисінен Грузияның Батуми қаласында халықаралық WTT Youth Contender турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі – алтын жүлде, деп хабарлады Қазақстан үстел теннисі федерациясы. Жекелей сайыс, 13 жасқа дейін 1 орын — Жәния Бекмұхамбетова 1 орын — Нұрдәулет Азаматұлы Аралас жұп, 19 жасқа дейін 1 орын — Алан Құрманғалиев / Каролина Хольда (Қазақстан/Польша) Аралас ...
Read More »Нодира Ахмедова таэквондодан күміс жүлдегер атанды
Таэквондошы Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Ол 49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Болгарияның өкілі Александра Георгиеваны 2:1 есебімен жеңді. Финалда Испанияның спортшысы Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Ертең «Алтын доп» иегерінің есімі аталады
Ертең, 22 қыркүйекте France Football журналының ұйымдастыруымен 69 рет әлемнің үздік футболшысын марапаттау рәсімі болады. Марапаттау рәсімінде үздік футболшы осымен төртінші рет жыл қорытындысына қарамай, оның футбол маусымындағы нәтижесі бойынша таңдалады. Онда 2014 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынады. Жыл үздігін таңдау үшін спорт журналистері дауыс бере алады. Олар 10 спортшыны таңдайды. Бұл ...
Read More »Спорт журналистері мен жанкүйерлердің назарына!
Құрметті әріптестер, спорт жанашырлары! Сіздерге Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS, International Sports Press Association) 2026 жылға арналған картасын алуға мүмкіндік жасалып отырғанын хабарлаймыз. АИПС-тің картасы жыл сайын беріледі. Оны алған адам шетелге іс-сапарға немесе демалысқа шыққанда картаны көрсетіп, кез келген жарысты тамашалай алады. Сонымен бірге картаны пайдаланып, ұлттық мұражайларға тегін кіруге болады. Картаны алу үшін Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының ресми ...
Read More »Данил Мусабаев пен Никита Тумаков Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды
Германияның Котбус қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды. Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен екі дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос ...
Read More »XXI ғасырдағы алғашқы алтын медаль!
Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) жеңді. Айдос Сұлтанғали елімізге 26 ...
Read More »Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Әлем чемпионаты 19–30 қыркүйек аралығында болады. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы жас шахматшылар қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатқа қазірдің өзінде 88 елден 850-ден астам жас шахматшы тіркелді. Олардың қатарында Үндістаннан (28), Қытайдан (25), АҚШ-тан (24) қатысушылар бар. Қазақстан чемпионат иесі ретінде 200-ден астам ойыншыны қатыстырады. Әлемдік дода Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Халықаралық шахмат ...
Read More »