• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Спорт журналистері мен жанкүйерлердің назарына!

    Құрметті әріптестер, спорт жанашырлары!

    Сіздерге Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS, International Sports Press Association) 2026 жылға арналған картасын алуға мүмкіндік жасалып отырғанын хабарлаймыз.

    АИПС-тің картасы жыл сайын беріледі. Оны алған адам шетелге іс-сапарға немесе демалысқа шыққанда картаны көрсетіп, кез келген жарысты тамашалай алады. Сонымен бірге картаны пайдаланып, ұлттық мұражайларға тегін кіруге болады.

    Картаны алу үшін Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының ресми сайтына кіріп, шағын анкетаны толтырып, тіркелу керек. Картаның бағасы – бір жылға 40 АҚШ доллары. Одан кейін оны сайттағы анкетаны толтырып, жыл сайын жоғарыда аталған соманы төлеп, ұзартып отыруға болады.

    Сайттағы анкетаны толтырып, тіркелген соң, 40 АҚШ долларын қолма-қол «Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қорының өкілдеріне тапсырасыздар. Қордың өкілдері ақшаны жылдың соңына қарай Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығына жібереді. Содан кейін сіздерге АИПС-тің картасы беріледі.

    Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының картасын алу үшін мына телефон номеріне хабарласыңыздар.

    8 707 747 04 71

    Құрметпен, «Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

    Анықтама

    Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS, International Sports Press Association) 1924 жылы, 2 шілдеде құрылған.

    Бүгінде оның құрамына 200-ге тарта мемлекеттің спорт журналистері федерациясы (қауымдастығы, одағы) кіреді.

    1995 жылдан бері, 2 шілде AIPS шешімімен, Халықаралық спорт журналистері күні болып аталып өтіп келеді.

    2024 жылы AIPS өзінің 100 жылдығын атап өтті. Жыл бойы ұйымдастырылған іс-шаралардың бәрі бір ғасырлық мерейтойға арналды.

    Қазақстан AIPS құрамына 1993 жылы кірген. Әуелде 1992 жылы Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы болып құрылды. Іргесін қалаған – танымал спорт журналисі, жазушы және қоғам қайраткері Несіп Жүнісбайұлы.

    Кейіннен заман талабына сәйкес «Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы» ЖШС болып, құқықтық нысанын өзгертті.

    2021 жылы «Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы» ЖШС-і уақыт көшіне сай, «Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры болып, құқықтық нысанын тағы өзгертті.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *