• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиялық комитет

    Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екінші орын алды

    Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды.

    Қазақстан құрамасы ірі турнирде бір медальға ие болды. Ерлер арасында өткен жарыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет.

    Бірінші орынды ресейлік Денис Колобродов жеңіп алса, оның отандасы Роман Минеев үшінші болып мәреге келді.

    Аян Бейсенбаев төртінші, Егор Крупяков алтыншы, Александр Тен 12-орын, Арлан Жанабай 15-орын, ал Әли Жанат 18-орын алды.

    Әйелдер арасында Дана Ержанова медальға бір қадам жетпей қалды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *