• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қыркүйек 2025

    912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті

    Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Отандастарымыз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» ең жас қақпашысы Қалмырза алаңға шықты (ВИДЕО)

    Алматының «Қайрат» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында Португалияның «Спортинг» командасынан жеңілді. Есеп – 1:4 Бұл матчта «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның ойыны қалың жанкүйердің назарын аудартты. Ол команданың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий мен екінші қақпашы Темірлан Анарбековтің жарақат алып қалуына байланысты үшінші номерлі қақпашы болып ойнады. Осылайша ол UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылар қатарына қосылды. ...

    Read More »

    Түркістан облысының тумасы Азамат Мақұлбеков жаңа рекорд жасады

    1986 жылы туған спортшы Азамат Нұрғалиұлы Мақұлбеков күш пен төзімділіктің нағыз символына айналды. Ол бұған дейін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының алыптар сайысында жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем еткен еді. Сондай-ақ 40 келілік қошқарды 3555 рет отырып-тұрып көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген болатын, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Енді міне, батыр спортшы жаңа биікті бағындырды. Алматыдағы әйгілі «Медеу» мұз ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы бокстан ұлттық құрама команданы марапаттады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорда. – Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда ...

    Read More »

    Теннистен ӘЧ: Рыбакина жарақатына қарамай Қазақстан құрамасына қосылды

    Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстанның ұлттық құрама командасы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогы алдында соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр. 18 қыркүйекте әйелдердің ұлттық құрамасы ширек финалда АҚШ командасымен ойнайды. Бұл ойын екі команда арасындағы алғашқы ресми ойын болады. Бүгін Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды. Ойыннды бірінші болып әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Спортинг» — «Қайрат» матчы қай телеарнадан көрсетіледі?

    UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне шыққан Алматының «Қайрат» клубының Португарлияның «Спортинг» командасымен матчы 17 қыркүйектен 18 қыркүйекке қараған түні сағат 00:00–де Qazaqstan телеарнасынан көрсетілетіні белгілі болды. Ойынның бас төрешісі міндетін польшалық Дамиан Сильвестжак атқарады. Оған оның отандастары Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмектеседі. Төртінші төреші де Польша елінің өкілі Марцин Коханек болады. «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдесін алды

    Шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде әйелдер арасында қола медальді иеленді. Ол соңғы турда Анна Музычукпен тең ойнап, мүмкін болған 11 ұпайдың 7,5-ін жинады. Әйелдер арасында Вайшали Рамешбабу 8 ұпай (Үндістан) алып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды 8 ұпаймен Екатерина Лагно (FIDE) иеленді.   Рүстем ЖҮМАН, АСТАНА

    Read More »

    Шардарада тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды

    Қазақ спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл – аудан ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш! 14 жастағы Бекнұр Ибрагим жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанса, 15 жастағы Азамат Ибрагим ...

    Read More »

    Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу арнасы ашылды

    Түркістан қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ спорт кешендері бар «Ескек есу» арнасы ашылды, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу» жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың саламатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған ...

    Read More »

    Гимнаст Айбота Ертайқызы Гран-приде екі жүлде алды

    Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды. Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »