Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстанның ұлттық құрама командасы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогы алдында соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр.
18 қыркүйекте әйелдердің ұлттық құрамасы ширек финалда АҚШ командасымен ойнайды.
Бұл ойын екі команда арасындағы алғашқы ресми ойын болады.
Бүгін Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды.
Ойыннды бірінші болып әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро бастайды. Олар осыған дейін бір-бірімен ойнамаған.
Бұдан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингіде 7-сатыдағы Джессика Пегула күш сынасады. Бұдан бұрын Пегула Рыбакинаны үш рет жеңіп, біреуінде жеңілген.
Жарыс фавориттерінің бірі АҚШ жұптық сында да мықты. Тейлор Таунсенд әлемдік рейтингіде көш бастаса, оған Маккартни Кесслер көмектеседі. Дегенмен Анна Данилина мен Жібек Құламбаева дуэті қарап қалмайды деп сенеміз.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА






SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары