• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қазан 2025

    III ТМД елдері ойындары: Қазақстан жүзуден 19 жүлде алды

    Бүгін Әзербайжанның Гянджа қаласында жүзуден III ТМД елдері ойындарының соңғы жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан спортшылары 4 дисциплинада сынға түсіп, соның ішінде 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Жүлдегерлер: Тайисия Короткова (кешенді жүзу, 400 м) – күміс медаль Қазақстан ұлдар құрамасы (кешенді жүзу, 4х100 м) – күміс жүлде Қазақстан құрамасы, ...

    Read More »

    Кәсіпкер «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлады (ВИДЕО)

    Кәсіпкер, Shoqansuits компаниясының директоры Ұлықбек Шәріпов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға автокөлік сыйлады. Қақпашы сыйлықты көрген кезде сенерін білмей, аузына «қойыңызшы» дегеннен басқа сөз түспеді. -Бұл сенің көлігің. Рас айтып тұрмын. Компаниямыздың кішігірім сыйлығы. Бізге тамаша эмоция сыйладың. Енді ең бастысы тоқтама. Ел сенімен бірге, – деді Шәріпов.  Содан кейін кәсіпкер 18 жастағы Шерхан Қалмырзаға Exeed көлігінің кілтін табыс ...

    Read More »

    Әділбек Мусин жүзуден Азия чемпионы атанды

    Әділбек Мусин суға жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.74 нәтижесімен мәреге жетіп,  алтын медальді жеңіп алды. Финалда тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді. Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші орын алса, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып ...

    Read More »

    Шыңжаң – Қазақстан мен Қытайдың арасын жалғайтын алтын көпір

    Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй бірқатар журналистермен ресми түрде брифинг өткізіп, Шыңжаң өлкесінің дамуына ерекше тоқталды. Брифингте ҚХР бас консулы Цзян Вэй қаламгерлердің толғандырған сұрақтарына жауап берді. Жуырда біраз журналист Шыңжаң -Ұйғыр автономиялық ауданына пресс-тур сапарымен барған болатын. Себебі, биыл Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының құрылғанына 70 жыл толған еді. Сол іс-шара аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл мерейтойға арналған салтанатты ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Реал Мадридтен» сабақ алды

    UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында Алматының Орталық стадионында «Қайрат» клубы Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнады. Бұл матчта жергілікті клуб футболдағы әлемдік гранд саналатын Пиреней түбегі елінің жасағынан 0:5 есебімен жеңілді. «Қайрат» жеңілсе де көп тәжірибе алды. Өйткені, Алматы командасының алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне шығуының өзі үлкен жетістік болса, «Реал Мадрид» командасымен ойнауының өзі үлкен тәжірибе ...

    Read More »